«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жер телімін жалдау мерзімін созудан бас тарту негізсіз болған

2015 жылғы 20 Қазан
- Астана қаласы
8440 просмотров

Елордалық Палата кәсіпкердің жер мәселесін шешіп берді

Бір жыл бұрын елордалық кәсіпкер Айгүл Есенжолова жеке ісін бастауға шешім қабылдап, 1 жыл мерзімге жерді пайдалануға телім алады. Кәсіпкер әйел бірнеше жыл бойы елорда тұрғындары мен қонақтарына пайдасын тигізетін монша-сауықтыру кешенін іске қосу туралы идеяны ойластырып жүреді. Барлық қажет құжаттарды ресімдеп әрі нысанды жобалау процедурасын аяқтағаннан кейін құрылысқа кірісіп кетеді. Бизнесвумен бір жыл бойы құрылысшылар мен жұмыскерлер бригадасын ұйымдастырып, жертөле мен бірінші қабатты салып қояды.

Кәсіпкер жеке ісінің алғашқы кірпіштері қаланып, қабырғасының көтеріліп жатқанын бақылай жүріп, бастапқы толғанысын жеңіп, жобасының табыспен іске асарына сенімді болған еді.

Алайда күтпеген жерден қаржылай қиындықтар туындап, кәсіпкер ханым «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында мемлекеттік қолдау құралдарын қолдануға бел буады. Ол үшін «Даму» қорына жүгінеді. Бірақ мақсатына барар жолдың дәл ортасында жаңа кедергілер кездесіп, қолын бір сілтеуге шақ қалады.

Анықталғандай, «Даму» қорының ішкі кредиттеу қағидаларына сәйкес субсидиялауды ұсыну үшін банк келісімі қажет екен. Банк өз кезегінде кепілдікті мүлікті қабылдау үшін қарызгерден жер телімін ұзақ мерзімдік жалдау шартын талап етеді. Құзырлы органдарға жер телімін жалдау мерзімін ұзарту туралы бірнеше мәрте жүгіну қажет нәтижесін бермей, осыдан соң елордалық Кәсіпкерлер палатасына көмек сұрап барады.

Палата сарапшылары кәсіпкердің өтінішін мұқият зерттеп шығып, жер заңнамасы тұрғысынан жер телімін жалдау мерзімін ұзартудан бас тартуға еш кедергі жоқтығын анықтайды да, аталмыш мәселені қала әкімшілігінің қарауына шығарады. Сындарлы сұхбат нәтижесінде мәселе Айгүл Есенжолованың пайдасына шешіліп, жер телімін жалдау мерзімі 7 жылға ұзартылды.


Ұқсас жаңалықтар:

Бұзуға болмайды
25 Тамыз
2018
Солтүстік Қазақстан облысы
Жер учаскесі сот арқылы қайтарылды
13 Тамыз
2018
Жетісу облысы
Жер кәсіпкерге берілсін!
4 Қараша
2015
Маңғыстау облысы
Шоттарды кім төлейді?
7 Қыркүйек
2015
Жетісу облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер