«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жер кәсіпкерге берілсін!

2015 жылғы 04 Қараша
- Маңғыстау облысы
10450 просмотров

Бизнесвумен екі жылға жуық уақыт бойы жер телімін жалдау мерзімін ұзарту мәселесі жөніндегі комиссия шешіміне қол жеткізе алмай келген

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасына жеке кәсіпкер Қ.Тұралықованың жергілікті атқару органдарының жалдау мерзімін ұзартуына жәрдем көрсетуді сұрап жүгінгеніне көп өткен жоқ. Онда бизнесвумен Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағы аумағында және оған жапсар жатқан қосымша жер теліміне асфальт-бетон зауыт нысандарын орналастырмақшы болады.

Жер телімін 1999 жылы 15 жыл мерзімге жалға алған екен. Кәсіпкер жеткізгендей, аталмыш аумақта асфальт-бетон қоспа өндіріледі және облыс бойынша автожолдар салынуда. Зауытта 40-тан астам адам жұмыс жасайды.

Жалдау мерзімі өтіп бара жатқаннан кейін кәсіпкер заңға бағынышты азамат ретінде алдын-ала (өткен жылдың қаңтар айында) 4 ай бұрын жалдау мерзімін созуға өтініш береді. Наурыз айында комиссия оның өтінішін мақұлдап, осыдан кейін жер телімін жалдау мерзімі 10 жылға ұзартылады.

«Алайла жер комиссиясының жағымды нәтижесіне қарамастан, Ақтау қаласының әкімдігі жер телімі құжаттарын ресімдеуде кемшіліктерге жол береді. Яғни жерге орналастыру жобасы бекітілмейді, қала әкімінің қаулысы шығарылмайды. Кәсіпкер қала билігі өкілдерінен шешім таппай, Кәсіпкерлер палатасына жүгінеді де, мұнда оған толық көлемде жәрдем көрсетіледі», - деп жеткізді Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі бөлімінің сарапшысы Асхат Байболатов.

Осыған орай Кәсіпкерлер палатасы Ақтау қаласы әкімдігі өкілдерімен кездесу ұйымдастырып, онда жерге орналастыру жобасын бекіту, жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту және қосымша жер теліміне жерді уақытша пайдалану құқығын беру мүмкіндігі талқыланды.

Ақтау қаласының әкімдігі Палатаның ұсынысын толығымен қолдап, жерге орналастыру жобасы бекітілді және жеке кәсіпкер Қ.Тұралықоваға 10 жыл мерзімге қосымша жер телімін ұсыну және мерзімін ұзарту туралы әкімдіктің қаулысы шығарылды.

«Ақтау қаласы әкімдігінің кәсіпкерге түсіністік танытып, Қ.Тұралықованың жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту туралы шешім алғаны, осылайша, өз ісін жалғастыратыны, ең бастысы,  40 жұмыскердің жұмыссыз қалмайтыны қуантады», - дейді ӨКП әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі бөлімінің сарапшысы Асхат Байболатов.

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Жаңбырбай Доспаев комиссияның қосымша жер телімін 10 жыл мерзімге беру және мерзімін ұзарту туралы шешімін Қ.Тұралықованың өзіне жеке табыстады.

«Кәсіпкерлер палатасының маған көмектесе алатынын естіп, сәйкес өтінішпен жүгінуге бел будым. Кәсіпкерлер палатасы заңгер-сарапшыларының жедел де сауатты әрекетінің арқасында толғақты мәселемнің шешілуіне қол жеткіздім. Енді құқығымды қорғау үшін қайда жүгіну керектігін біліп жүретін болдым», - деп бизнесвумен ризашылығын білдірді.


Ұқсас жаңалықтар:

Төлем жасалсын немесе тауар қайтарылсын!
4 Қыркүйек
2018
Солтүстік Қазақстан облысы
Бұзуға болмайды
25 Тамыз
2018
Солтүстік Қазақстан облысы
Жер учаскесі сот арқылы қайтарылды
13 Тамыз
2018
Жетісу облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер