«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласының ӨКП Өңірлік кеңесіне үміткерлер тізімі бекітілді

2025 жылғы 17 Қаңтар
- Алматы қаласы
403 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

2024 жылдың 17 – 30 желтоқсан аралығындағы құжат қабылдау мерзімінде Алматы қаласының ӨКП 44 өтінім келіп түсті.  Кейіннен үміткерлердің бірі  өз өтінім кері шақыртып, қатысудан бас тартты. Нәтижесінде, тексеріске 43 өтінім бекітілді. Олардың барлығы Ұлттық палата жанындағы орталық Сайлау комиссиясымен қаралды. Келісілген үміткерлер сайлауға қатысатын болады.

Барлық түсіндіру жұмысын өңірлік палата қызметкерлері 2024 жылдың қараша айында бастап кетті. Салалық кеңестер мен акредиттелген ассоциациялар мүшелері Өңірлік кеңес құрамын қалыптастырады. Өңірлік кеңестің талқылауына бизнес мәселелері, өңірлік кеңес мүшелерінің пікірі бойынша өңірлік палатаның жұмысына қабылдануы тиіс мәселелер қарастырылады, қала әкімімен, қоғамдық кеңеспен және орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасалады. Осы мәселелердің барлығы шара қолдану үшін ӨКП басшылығына жолданады. Сонымен қатар өңірлік палата директоры мен оның орынбасарлары кандидатураларын қарастырады, өңірлік палата жұмысының тиімділігін бағалайды да ұсыныстарын орталық аппаратқа жібереді.

Процедуралық нормаларға сәйкес, Өңірлік кеңес құрамына өз қаласы мен мемлекет тағдыры мен бизнес проблемаларына бей-жай қарамайтын, белсенді кәсіпкерлер енеді. Бизнес үлесінің ең ірі мөлшері (республика көрсеткішінің 20 пайызы) Алматы қаласында шоғырланғандықтан, Өңірлік кеңес қарайтын сауал көп.

«Орталық сайлау комиссиясы Алматы қаласы бойынша келіп түскен өтінімдердің барлығын тағы бір пысықтап. Тексеріп шықты. Барлық 43 үміткер сайлауға қатысу құқығына ие болды. Бұл өңірлік палата қызметкерлерінің атқарған жұмысы дұрыс, әрі жан-жақты болғанын белгілейді. Келесі кезеңде, агитация жұмысы барысында палата қызметкерлері барлық үміткерлерге тең қажетті деген жәрдемін көрсетіп отырады», - деп түсіндірді Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП директорының м.а. Жанна Мұрзақұлова.

Осы жерде Өңірлік кеңес құрамына сайлана алатын барлық үміткерлердің толық тізімі жариялануда.

Қаржы институттарының салалық кеңесі:

Барышев Максим Анатольевич                 «Boss media group» ЖШС директоры

Джасенов Сәкен Фатыханович                  «Нурбанк» АҚ филиал директоры

Қабікенова Мәрияш Мейрамбайқызы       ЖК «Кабикенова»

Каблов Вадим Викторович                        «Народный Банк Казахстана» АҚ филиал директоры

Жетекші: Исмайлов Рауан Кайратович             

+7 700 088 80 77 

Таза өндіріс бойынша салалық кеңес:

Ахметов Алмат Сағындықұлы                   «Жигалма» ЖШС бас директоры

Исембаева Алима Жарқынқызы                «Кока-кола Алматы Боттлерс» ЖШС корпоративтік коммуникациялар және тұрақты даму жөніндегі директор

Қадырқұлова Алмагүл Қарашақызы         «Adal Kyzmet Group» ЖШС бас директоры

Махмудов Фаррух Абдигапурович           «Orbis Kazakhstan» ЖШС құрылтайшысы

Мұқашева Алма Сабырбекқызы                «Цин-Каз» ЖШС басқарушы директоры

Щербинин Алексей Валерьевич                «KSC-Phast» ЖШС директоры

Жетекші: Акшолаков Евгений Булатович           

+7 747 331 25 67

Логистика және сауда жөніндегі салалық кеңес:

Идрисов Руслан Рашитович                       «TUKANO» ЖШС директоры

Мұқашев Әмірхан Ахатұлы                       «TEZBER Company» ЖШС директоры  

Жетекші: Сағынбек Аңсаржан Бейбітұлы

+7 777 157 48 42

Туризм жөніндегі салалық кеңес:

Қиқымов Мақсат Сәкенұлы                       «Smart Football» ЖШС басқарушы директоры

Қозбағарова Әсем Бекетқызы                    «Skyway LTD» ЖШС директоры

Жетекші: Розиев Нұрмұхамет Ильхамжанұлы   

+7 747 805 01 13

Креативті индустриялар мен ІТ жөніндегі салалық кеңес:

Қожатаев Диас Ғалымжанұлы                  MOST IT Hub Almaty Limited жеке                                                                                 компаниясының бас директоры

Мун Мария Александровна                        «NOTO Agency» ЖШС бас директоры

Жетекші: Розиев Нұрмұхамет Ильхамжанұлы   

+7 747 805 01 13

Алматы қаласының инфрақұрылымдық даму кеңесі:

Набиев Барзони Гусейнович                     «A.B.S. Строй» ЖШС құрылтайшысы

Рахметов Олжас Нұрланұлы                    «LCI-MK» ЖШС бас директоры

Шардинов Шухрад Ахметжанович           «АЗМК Group» ЖШС директорлар                                                                               кеңесінің төрағасы

Жетекші: Сұңғат Алшыоразұлы                         

+7 702 454 57 17

Құрылыс жөніндегі салалық кеңес:

Өтемісов Мұрат Мұсаұлы                          «Kusto Home» ЖШС бас директоры

Шоқанов Нұрсұлтан Нұрланұлы               «OMIR» компаниялар тобының («Allies                                                                        Distribution» ЖШС) президенті

Жетекші: Сұңғат Алшыоразұлы           

+7 702 454 57 17

Микро және шағын бизнесті қолдау және дамыту жөніндегі кеңес:

Құрабаева Жанар Төкешқызы                  «Тигрохауд» ЖШС бас директоры

Лесбаева Салтанат Тастемірқызы           «Симба-Kids» ЖШС құрылтайшысы

Эрметов Абдулазиз Ильхамджанович     «Lemonadoff Food» ЖШС бас директоры

Жетекші: Өмірбай Абзал Ғалымұлы                   

+7 747 666 40 50

Білім және денсаулық сақтау жөніндегі салалық кеңес:

Алжанов Арнат Сейткәмілұлы                  «КДЛ ОЛИМП Алматы» ЖШС директоры

Қожахмет Қанат Темірғалиұлы                 «Нархоз» университетінің президенті

Сүлейменов Ержан Әбілқасымұлы          «Global Health Solutions» ЖШС медициналық кеңесшісі

Түсіпова Лейла Амангелдіқызы                «Тұран» Университеті мекемесінің                                                                       академиялық қызмет  жөніндегі проректоры

Хисматуллина Альфия Анваровна            «Колледж Международной Академии                                                                           Бизнеса» ЖШС директоры

Жетекші: Төребекова Жанар Мейрамқызы        

+7 701 628 26 73

Іскер әйелдер салааралық кеңесі:

Жақұпова Жанар Бексұлтанқызы             «Научно-исследовательское агентство креативных решений «New Decision Group» ЖШС жетекшісі

Марова Әлия Рахымқызы                         «Human Capital Partners» ЖШС директоры

Жетекші: Ибрагимова Жанар Мырзабайқызы   

+7 707330 80 54

Аккредиттелген ассоциациялар атынан үміткерлер:

Айтқожина Любовь Викторовна                «КАНО» ЗТ және ЖКБ филиалының директоры

Аманбаев Сәбит Шаяхметұлы                   «ҚР автокөлікшілер Одағы» ЗТБ бас директоры

Бурунчин Аскар Муратұлы                        «ALATEX салааралық ассоциация» ЗТБ вице-президенті

Еренов Аян Айдарұлы                               «Консалтинг және сауда компаниялар Ассоциациясы» ЗТБ президенті

Иманбекова Айнұр Бақытжанқызы          ҚР жеңіл өнеркәсіп Ассоциациясының президиум мүшесі

Ли Елена Эдуардовна                               «Альянс инновационно-индустриального развития» ЗТБ президенті

Омарханов Ербол Секенұлы                    «Қазақстанның шағын несие ұйымдарының Ассоциациясы» ЗТБ төрағасы

Палташева Мунавара Тұрсунқызы           «Қазақстан кәсіпкерлері форумы Ассоциациясы» ЗТБ атқарушы директоры

Покусов Виктор Владимирович                «Қазақстандық ақпарат қауіпсіздігі ассоциациясы» ЗТБ төрағасы

Проценко Игорь Александрович              «ҚР жиһазшылар Гильдиясы» ЗТБ төрағасы

Садықова Роза Шәріпқызы                       «Білім берудегі жеке ұйымдардың республикалық ассоциациясы» ЗТБ төрайымы

Шәйкенова Рашида Рашидқызы              «Қазақстандық туристік ассоциация» ЗТБ директоры

Жетекші: Қазыкенов Айбек Олжабекұлы           

+7 747 557 91 08

17-26 қаңтар аралығында үміткерлер агитациялық жұмысын жүргізе алады. Агитациялық жұмыста барлық заңды түрде белгіленген форматты қолдануға болады: салалық кеңестер мен аккредиттелген ассоциациялар мүшелерімен кездесу, әлеуметтік желіде жарияланым, БАҚ-та материал орналастыру, көрнекі құралдарды пайдалануға болады.  

Қажетті жағдайда Өңірлік палата барлық үміткерлерге тең алаңын ұсынады.

Өңірлік кеңес құрамын ең көп дауыс жинаған үміткерлер қалыптастырады.

Алматы қаласында сайлау ағымдағы жылдың  27, 28 және 29 қаңтарда өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер