«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

СҚО-да өңірлік кеңеске кандидаттардан өтінімдер қабылдау аяқталды

2025 жылғы 10 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
380 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысында өңірлік кеңеске сайлауға қатысуға кандидаттардан өтінімдер қабылдау аяқталды. Аталған кезеңде 2024 жылғы 10-24 желтоқсан аралығында кәсіпкерлер палатасына аудандық және салалық кеңестер өкілдерінен 32 өтінім келіп түсті.

Өтінімдерді беру барысында құрамына мәслихат депутаттары, партия өкілдері мен кәсіпкерлер кіретін арнайы құрылған өңірлік сайлау комиссиясының мүшелері қажетті рәсімдердің сақталуын қадағалады.

"24 Желтоқсанда өтінімдерді қабылдау ресми түрде аяқталды. Қазіргі уақытта аудандық және салалық кеңестер өкілдерінен 32 өтінім қалыптастырылды. Естеріңізге сала кетейік, өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанында 13 аудандық және 8 салалық кеңес жұмыс істейді. Келіп түскен барлық өтінімдерді өңірлік сайлау комиссиясы қарайтын болады және кандидаттардың құжаттарын тексеру және комплаенс-бақылау үшін ҰКП жанындағы Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі. Осыдан кейін кандидаттарды тіркеу туралы шешім қабылданады", - деді СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалин.

СҚО Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесіне сайлау 2025 жылғы 20-22 қаңтар аралығында өтеді. Бекітілген ережелерге сәйкес, делегаттарды сайлау тікелей дауыс беру негізінде өткізіледі және Регсоветтің жаңа құрамына 24 кәсіпкер кіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер