«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында "Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

2024 жылғы 27 Қараша
- Астана қаласы
1899 просмотров

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасына жүгінген кәсіпкер, көлік құралдарының салмақтық параметрлерін асыра орындау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Өтінішінде ол жүк көлігі мен тіркемесі, тауар-көлік жүкқұжаттарына сәйкес, рұқсат етілген параметрлерден асып кетпегенін атап өтті.

Алайда, Астана қаласына кіру жолындағы автоматтандырылған өлшеу станциясы рұқсат етілген параметрлерден асып кеткенін көрсетті, бұл 590 720 теңге мөлшерінде айыппұлдардың салынуына әкелді.

Кәсіпкерлер өздерінің дәлелдерін негіздей отырып, жаңа орнатылған автоматтандырылған өлшеу станциясында ақпараттық табло жұмыс істемейтінін, сонымен қатар уәкілетті органға жолданған шағымдардан кейін кейбір айыппұлдардың жойылғанын атап өтті.

Айта кету керек, 2024 жылдың 4 желтоқсанынан бастап күшіне енетін ҚР ӘҚБтК-не енгізілген өзгерістерге сәйкес, автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану мәселесінде бірқатар құқықтық даулы сәттер туындауы мүмкін.

Бұл жағдайлар, соның ішінде 571-баптың 6-бөлігін қолданудың заңдылығы мәселесін қозғайды.

Кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың, прокуратура органдарының пікірлері тыңдалған заң бұзушылықтарға қарсы күрес және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінде талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға мәселені шешу жөнінде ұсыныстар жіберілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер