«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан мен БАӘ: Respublica партиясының Орталық аппаратының офисінде әлемдік сауданың жаңа мүмкіндіктері талқыланды.

2024 жылғы 13 Қараша
- Астана қаласы
1256 просмотров

Respublica партиясының Орталық аппаратының офисінде партияның теңтөрағасы Максим Барышевтің, Орталық аппаратының басшылығының, Мәжіліс депутаты Айтуар Кошмамбетовтің, Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының төрағасы Қанат Алиннің, қазақстандық кәсіпкерлердің және «Dubai International Chamber» халықаралық ұйымының Таяу Шығыс пен ТМД елдеріндегі аймақтық директоры Абдулла Бакер мырзаның қатысуымен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты — Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту мәселелерін және қазақстандық кәсіпкерлердің Дубай нарығында өз қызметін кеңейту мүмкіндіктерін талқылау болды.

Алматыда «Dubai Chambers» өкілдігінің ашылуы туралы жаңалыққа орай, Дубай кәсіпкерлер палатасының жаңа филиалы ашылды. Бұл қадам екі ел арасындағы сауда қатынастарын нығайту мен кәсіпкерлікті қолдауда маңызды қадам болып табылады.

Абдулла Бакер мырзаның айтуынша, Алматыдағы Dubai International Chamber офисі қазақстандық кәсіпкерлер үшін Дубай нарығына шығуға және басқа аймақтарда, соның ішінде Азия, Африка және Латын Америкасында бизнес дамытуға арналған маңызды «көпір» болады.

Кездесу барысында қатысушылар еркін форматта сұрақтар қойып, кәсіпкерліктің түрлі салаларында, соның ішінде құрылыс, әйелдер кәсіпкерлігі, исламдық қаржыландыру және Дубай жастар кеңесімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қазақстанның ауыл шаруашылығы, машина жасау және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жоғары инвестициялық әлеуеті ерекше атап өтілді, бұл екі елдің сауда және инвестициялық байланыстарын тереңдетуге зор мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлік байланыстарды нығайту және бірлескен жобаларды тиімді іске асыру мақсатында Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен Дубайдың Халықаралық палатасы — «Dubai International Chamber» арасында меморандумға қол қою туралы келісім жасалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер