«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XII Съезі өтті.

2024 жылғы 07 Қараша
- Астана қаласы
1432 просмотров

Астанада «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XII Съезі өтті. Орталық мемлекеттік орган вице-министрлерінің, ҚМА, Антикор, Бас Прокуратураның басшылық құрамдары және «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ және басқа да жетекші даму институттарының қатысуымен өткен шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 360-тан астам делегат және 180-дей бизнес-қауымдастық жиналды. 

Съезде және съезд алдында қатысушылар отандық кәсіпкерлердің алдында тұрған өзекті мәселелерді талқыланады.

Проблемаларды анықтау және талқылау мақсатында ұйымдастырылған басқосуда реттеу және салық саясаты, өнеркәсіпті дамыту және өзге де сала мәселелері қамтылды. 

Съезд жұмысын ашқан «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Райымбек Баталов Палата бизнесті тұрақты түрде қолдап келе жатқанын және оның дамуына қолайлы жағдай жасау бағытында жұмыс істеп жатқанын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер