«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жайлы мектептер басынан соңына дейін отандық өніммен толтырылуы қажет

2024 жылғы 12 Маусым
- Алматы қаласы
5977 просмотров

Дереккөз: РПП «Атамекен» г. Алматы

Алматы қаласының «Атамекен» өңірлік палатасы отандық тауар өндірушілер мен «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасының меңгерушісі - «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өкілдеріне кездесіп тілдесудің алаңына айналды. Жобаға жергілікті компаниялардың қатысуы - мемлекеттің қолдауымен бизнесті жаңа деңгейге көтеру мүмкіндігі болса, мемлекет тарапы отандық бизнестің қолдауымен елдің болашағына жауапты қоғамды қалыптастырудың оңтайлы жолы.

Жайлы мектептер оқушы орындарының тапшылығы Һәм сезілетін өңірлерде салынады, өйткені ұлттық жобаның негізгі міндеттері - тұрақты демографиялық өсімі бар өңірлердегі болжамды тапшылықты ескере отырып, үш ауысымды және апатты білім беру нысандарын жою; балалар үшін қолайлы, қауіпсіз және кедергісіз орта құру; салауатты бәсекелестік орта жағдайларын бұзбай отандық тауар өндірушілерді жүктеу болып табылады.

Бағдарламаны бір мезгілде және үздіксіз іске асыру мақсатында барлық мектептер (3 жыл ішінде 401 мектеп салу жоспарлануда), шартты түрде төрт дивизионға бөлінген. Алматы және Алматы облысы – екіншісіне енді. Мұнда халыққа жалпы 85 жаңа орта білім беру мекемесін тапсыру жоспарлануда: 22-і – мегаполисте, 63-і –облыс аумағында.

«Атамекен» палатасы  ұлттық жобаға қатысатын кәсіпкерлерді біріктіріп, күн сайын кеңес қызметтерін көрсетуде. Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директорының орынбасары Жанна Мурзакулова атап өткендей, бүгінде Алматы бизнесі мектептерді қажетті жиһазбен де, жабдықтармен де қамтамасыз етуге толық қауқарлы, кез келген қажетті заттардың барлығын өндіруде. Тапсырыс көлемі компанияларға өндірісті сенімді түрде кеңейтуге және кәсіпорындарды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Отырысқа қатысқан «Элтекс Алатау», «Завод Агротех», «QAZAQSTAN JIHAZY», «ПКФ Торнадо Плюс», «Техновид плюс», «КПК Zeta», «Elcos» ЖШС-тары сияқты компаниялардың өкілдері мемлекеттік сатып алудың ашық еместігі салдарынан жосықсыз дистрибьюторлар  арзан бағаға қызығушылық танытып,  отанға шетелдік өнім әкелу қаупіне  алаңдаушылық білдіруде. Бірақ арзан нәрсенің сапасы күмәнді, - дейді жиынға қатысқандар.

«Атамекен» палатасы құрылыс материалдарын, жиһаз, мектепке қажетті  жабдықтарды шығаратын өндірушілердің Тізілімін  қүрып, үнемі жаңартып, өзектендіріп отырады. Жайлы мектеп жобасының шарттары туралы ақпарат беріп отырады. Тізілімге енгізілген компаниялардың барлығы кез-келген уақытта электрондық базаға кіріп, өздері туралы жазылған деректерді тексеру мүмкіндігіне ие. Тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарды алу процесі де толығымен автоматтандырылған. Себебі, Ұлттық жобаның басты шартына сәйкес мектептердің кабинеттері, зертханалары, залдары, сыныптары тіпті дәліздері отандық өніммен жабдықталуы тиіс.

«Біз дирекция ретінде құрылыс кезінде қолданылатын материалдарға, мектептерді жабдықтаудағы технологияларға баса назар аударамыз. Барлық материал мен өнім тек отандық болуы тиіс. Жиһазы ыңғайлы әрі функционалды, интерактивті жабдық болса, денсаулыққа зиянсыз технологияларға сәйкес болуы қажет. Бұл мектептерде біздің балалар білім алады. Барлық интерактивті элементтер, мысалы, бірнеше жылдан кейін платформалармен, браузерлермен немесе бағдарламалармен кез келген сәтте байланыс орната алатын, яғни, «технологиялар қорымен» жасалу керек.. Ең бастысы, олар оқушылардың көру қабілетіне зиян тигізбеуі тиіс. Оған сіздер туар өндіруші ретінде жауапты боласыздар», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Construction» АҚ төрағасының ұлттық жоба және өңірлік даму жөніндегі орынбасары Амангелді Саттаров.

Кәсіпкерлер ұлттық жоба шеңберінде туындайтын көптеген мәселелерді талқылау барысында әлеуетті өнім берушілерге жоғары талаптар қойылғанына қарамастан, конкурстық іріктеуге қатысудың өз қиындықтары бар екендігін атап өтті. Туындап жатқан проблемаларды анықтап, оның оңтайлы шешімін табу үшін  осындай басқосулар арнайы өткізіледі. Мұнда «Атамекен»  Үкіметпен бірлесіп проблемаларға кезіккен кейстерді зерттеп, олар бойынша сындарлы шаралар қабылдауға ниетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер