«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордалық кәсіпкерлердің проблемалары қала прокуратурасының бақылауында

2024 жылғы 20 Мамыр
- Астана қаласы
5764 просмотров

Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы және Астана қаласының прокуратурасы бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Құжатқа Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Алин мен Астана қаласының прокуроры Ерлан Өтегенов қол қойды.

Жиында Қанат Алин Астана қаласының прокуратурасына кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша жемісті бірлескен жұмыс үшін алғысын білдірді. Спикер 2023 жылы палата алаңында прокуратура қызметкерлерімен апта сайын кәсіпкерлерді қабылдау ұйымдастырылғанын, қала прокурорының өкімімен Палата директоры Үйлестіру кеңесінің құрамына енгізілгеніне атап өтті.

 «Кәсіпкерлер палатасы мен қала прокуратурасы инвестициялық жобаларды қорғау желісі бойынша өзара іс-қимылдв жолға қойған. 2023 жылы палата алаңында инвесторлармен бірқатар кездесу өткізілді. Кездесу нәтижелері бойынша прокуратура инвесторлардың құқығын қорғауға бағытталған бірқатар ұсыныс шығарды. Бүгінгі күні қалада 3,5 трлн теңгенден астам сомаға 25 мың жұмыс орнын құрумен 422 инвестициялық жоба іске асырылып жатқанын атап өтемін.

Осы жылдың басынан бері Палата прокуратурамен бірлесіп 1 млрд 300 млн теңгеден астам сомаға әлеуметтік инвестициялық жобаны іске асыратын кәсіпкерлердің құқығын қорғады», – деп атап өтті Қанат Алин.

Сарыарқа ауданының прокуратурасы сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ақы төлеу мәселесі бойынша заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жасаған кезде, қала палатасы мен прокуратурасының бірлескен жұмысындағы тағы бір сәтті іс 614 кәсіпкердің құқығын қорғау болды.

«Бұл нәтижелердің барлығы палата мен прокуратура арасында жасалған Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум арқылы болғанына сенімдімін. Ал бүгінгі бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қою осы бағыттағы өзара іс-қимылымызды нығайтады», - деді елордалық кәсіпкерлер палатасының директоры.

Кездесу барысында Қанат Алин кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін атап өтті. Оларды шешу прокуратураның көмегін қажет етеді. Спикер олардың екеуін Ерлан Өтегеновтен жеке бақылауға алуды өтінді.

Астана қаласының прокуроры Ерлан Өтегенов Қанат Алинді тыңдап, прокуратураның кәсіпкерлердің заңды құқығы мен мүдделерін сақтауға мүдделілігін атап өтті. Ол айтылған мәселелерді прокуратура органдары мұқият зерделеп, оларды объективті және заңды шешу мақсатында бақылауға алатынын жеткізді.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер