«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

 Отандық өндірушер LRT салуға қатысқысы келеді

2024 жылғы 25 Сәуір
- Астана қаласы
5360 просмотров

Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының «Өнеркәсіп және отандық тауар өндірушілерді қолдау» салалық кеңесінің отырысында  елордада LRT жеңіл рельсті көлігін салу жобасына қазақстандық өнеркәсіп өкілдерінің қатысуы талқыланды.

Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Алин жиынды ашып, қазақстандық өнеркәсіп өкілдері жобаның тапсырыс берушісі – «City Transportation Systems» ЖШС және бас мердігер –  «China Railway Asia-Europe Construction Investment Co. Ltd» ЖШС-мен келіссөздерде қиындықтарға тап болғанын атап өтті.

«City Transportation Systems» ЖШС басқарушы директоры Нұржан Беков құрылыс туралы келісімшарт 2016 жылы жасалғанын хабарлады. Бұл келісім EPC-келісімшарт саналады және жобаны бүге-шүгесіне дейін іске асыру, соның ішінде қажетті жабдықты жеткізу және қолда бар технологиялар мен білімді бере отырып, кадрлар даярлауды көздейді. Келісімшарт әлі де күшінде және құжат жасалған кезде оған жергілікті қамту үлесі туралы ешқандай талаптар енгізілген жоқ.

 Сонымен қатар, спикердің айтуынша, қазір негізінен қазақстандық өнімдерден тұратын бетон құю жұмыстары жүргізілуде.

«China Railway Asia-Europe Construction Investment Co. Ltd» ЖШҚ филиалының директоры Фу Сицзун жобаның құрылысын іске асыру кезінде техниканы жалға алу (70%), жер жұмыстары (инженерлік желілерді шығару, қадаларға бұрғылау), бетон мен арматураны сатып алу негізінен қазақстандық жеткізушілерден жүргізілетінін хабарлады. Бұл ретте, Фу Сицзун қалған тауарлар Бейжің қаласында конкурстық рәсімдерді өткізу қағидаттарында сатып алынатынын және қатысуға ниет білдірушілер Қытай Халық Республикасында жеткізушілерді іріктеуді жүзеге асыратын алаңдарда (сайттарда) техникалық ерекшеліктермен таныса алатынын атап өтті.

Бұдан әрі Тараптар келісімшарт талаптарына өзгерістер енгізу мүмкіндігін талқылады.

Жиын қорытындысы бойынша «City Transportation Systems»  ЖШС 15 маусымға дейін қаланың кәсіпкерлер палатасына өкілдік ететіні туралы шешім қабылданды. Лифтілер мен эскалаторларға қойылатын техникалық сипаттамалар мен талаптар. Жұмыс мәселелері бойынша кәсіпкерлер «China Railway Asia-Europe Construction Investment Co. Ltd» ЖШС филиалының келісімшарттық-сметалық бөліміне тікелей жүгіне алады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер