«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Судьялар кәсіпкерлермен кездесті

2024 жылғы 19 Сәуір
- Астана қаласы
6246 просмотров

Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының алаңында «Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын қолдану тәжірибесі» дөңгелек үстелі өтті

Жиынды Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Алин және Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Абдуғалиев ашып, заң нормаларын практикада қолдану маңызы айтты.

Канат Алин Астана қаласының палатасы мен соттары арасындағы бизнестің құқығы мен заңды мүддесін қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың тиімділігін атап өтті.

«Әкімшілік әділет институты енгізілген сәттен бастап мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне шағымдану бойынша кәсіпкерлердің құқығын қорғау айтарлықтай жақсарды. Кейбір бағалаулар бойынша шешімдердің 60%-дан астамы бизнестің пайдасына шығарылады», – деді ол.

Дамир Абдуғалиев кәсіпкерлердің пайдасына шешілетін талап-арыздар бойынша оң динамика барын айтты.

Жиында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары Айбек Амангелдин, Ирина Есеркепова және Нұрлан Әубәкіров жер және салық даулары, мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар бойынша сот практикасы туралы ақпарат берді. Осыдан кейін кәсіпкерлердің нақты кейстері сұрақ-жауап форматында талқыланды.

Іс-шара соңында тараптар бизнес пен судьялардың ашық диалогы тиімді форматы екенін айтып, алғысын білдірді.

Далее судьи специализированного межрайонного административного суда города Астаны

Айбек Амангелдин, Ирина Есиркепова и  Нурлан Аубакиров рассказали о судебной практике по земельным и налоговым спорам, по спорам в сфере государственных закупок. После чего состоялось обсуждение конкретных кейсов предпринимателей в формате вопрос-ответ.

По окончании мероприятия стороны выразили удовлетворенность состоявшимся открытым диалогом бизнеса и судей. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер