«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шаралар күнтізбесі, Көшпенділер ойындарына дайындық және туризм дамуының тұжырымдамасы

2024 жылғы 18 Сәуір
- Астана қаласы
4250 просмотров

Астанадағы кәсіпкерлер палатасының алаңында осы және басқа да өзекті мәселелер мен ұсыныстарды туризм саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер айтты.
«Туризм» салалық кеңесінің отырысы Өңірлік палата директоры Қанат Алиннің төрағалығымен өтті. Кеңес төрайымы Татьяна Верницкая кеңестің  жұмысы туралы айттып,туризм саласындағы ең өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, елорда әкімдігі жанынан туризм басқармасын және сараптамалық кеңесті құру, сондай-ақ елордада туризм тұжырымдамасын және қаланы безендіруге арналған тұжырымдаманы әзірлеу қажеттілігі туралы сөз болды.

«Сондай-ақ,туризм аясындағы шаралар күтізбесін» құрып, әзірлеуді ұсынамыз. Қазіргі кездже барлық дерлік елде туристік шаралардың күнтізбесі шығарылады. Бұл іс-шараларды насихаттаудың өте тиімді әдісі. Мұндай іс-шаралар күнтізбелері туристерге де, туроператорларға да қажет», - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, Татьяна Верницкая биылғы жылдың 8-14 қыркүйек аралығында Астанада әлемнің 100-ден астам елінен төрт мыңға жуық қатысушы қатысатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жоспарланғанын еске салды. Спикер елордалық кәсіпкерлерді Дүниежүзілік ойындар штабына қосуды ұсынды.

Өз кезегінде, Астана қаласының Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов қазір «Visit Astana» платформасында Шаралар күнтізбесі бар екенін атап өтті. Күнтізбеге шара туралы ақпарат енгізу барлық іс-шараларды ұйымдастырушы үшін ақысыз. Сонымен қатар, кәсіпкерлер бұл айдарда нақты орналастыру механизмі жоқ екенін атап өтті. Халел Әкімжанов оларды рәсімнің ашықтығына сендірді. 

Спикер Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жөніндегі штабқа қосу құзыреті ҚР Туризм және спорт министрлігінде екенін хабарлады.

Гидтер-экскурсияшылар одағының президенті Салтанат Әбжанова өз сөзінде елордада білікті гидтер мен экскурсияшыларға жоғары қажеттілік барын атап өтті. Олардың көпшілігі, оның айтуынша, бейресми жұмыс істейді. Сонымен қатар, көрші елдердің гидтері бізге туристерді әкеледі, ал ұсынылған ақпараттың объективтілігі үшін жауап бермейді.

Сондай-ақ, ол елордалық гидтердің туристік топтар әкелген кезде мәдениет нысандарына тегін баруға мүмкіндігі жоқ екенін айтты. Қаланың туристік имиджін арттыру үшін ол ұлттық стильдегі гидтерге арналған арнайы киім – шапан, көкірекше, қалпақ, орамал дизайнын әзірлеуді ұсынды.

Астана қаласының қолөнершілер альянсының директоры Рауза Балмағамбет қолөнершілерді іске асыру нүктелерін дамыту қажеттігін атап өтті. Елордалық қонақүйлердің проблемалары бөлек қарастырылды.

«Барлық проблема мен ұсыныстар отырыс хаттамасына енгізілетін болады. Олар бойынша жұмыс қала әкімдігінің өкілдерін тарта отырып, салалық кеңес шеңберінде жалғасады», - деп қорытындылады Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Алин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер