«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Таразыны жыл сайын тексеру – міндетті процедура  

2024 жылғы 16 Сәуір
- Астана қаласы
5609 просмотров

 Осындай талап әр сауда объектісіне қойылған. Таразыны арнайы аттестаттаудан өткен тексерушілер тексеріп сынақ аккредиттелген зертханада жүргізілуі тиіс. Бұл талапты бұзғаны үшін заңды тұлғаларға 230-дан 600 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.

Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының «Сауда және қызметтер» салалық кеңесінің отырысында таразыларды жыл сайын тексеру мәселесі талқыланды. Жиынға ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің өкілдері қатысты.

Департамент жетекшісі Рүстем Айменов «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңына сәйкес таразыны айналымға шығарар алдында, жөндеуден кейін, пайдалану кезеңінде тексеруден өткізу керегін хабарлады. Егер бұрын тексеру туралы талап сатылатын тауарлардың геометриялық параметрлерін өлшеу құралдарына қатысты болса (ұзындығы және т.б.), енді таразылар қосылды.

«Тексерудің мәні – өлшеу құралдарының міндетті метрологиялық талаптарға сәйкестігін растау. Ол үшін аттестатталған тексеру әдістемесі пайдаланылады. Соның нәтижесінде оң нәтижелер салыстырып тексеру таңбасының бедерімен куәландырылатын бірқатар іс-шара жүзеге асырылады. Теріс жағдайда өлшеу құралының жарамсыздығы туралы хабарлама жіберіледі. Осылайша, салмақты өнімді сату кезінде тұтынушылар өлшеудің дұрыс емес нәтижесінен заңмен қорғалады және олар төлеген салмақты алады. Сараптамалық бағалау бойынша тексеруге ұсынылатын өлшем құралдарының шамамен 8-10%-ы одан өтпейді, осылайша жарамсыз танылады», - деп атап өтті ол.

Сатушылар заң талаптарын сақтамағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 419-бабында жеке тұлғаларға – 30 АЕК, сондай-ақ заңды тұлғаларға – 230 АЕК-тен 600 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде жауапкершілік қарастырылған.

Рүстем Бәйменов ҚР МТИ Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті заңдарға сәйкес таразыларды дұрыс тексеру үшін қажетті шараларды түсіндіру мақсатында сауда нысандарына шығуға ниетті екенін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер