«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордада Құрылыс жөніндегі салалық кеңеске төраға сайланды

2023 жылғы 24 Мамыр
- Астана қаласы
6985 просмотров

Астана қаласының кәсіпкерлер палатасында Құрылыс және жер қатынастары салалық кеңесінің кезекті отырысы барысында кеңеске төраға сайланды.

«Meridian stroy LTD» ЖШС құрылыс компаниясының негізін қалаушы, тұрғын үй және әкімшілік ғимараттар, инженерлік желілерді салу және жобалау саласындағы сарапшы Роман Шалудкин төраға болды.

Өзінің сайлауалды бағдарламасында үміткер шешілуі тиіс 7 негізгі мндетті белгіледі.  Олар Астананы жаңғырту бағдарламасын дамыту, құрылыс саласы үшін мемлекеттік жеңілдікпен несие беру бағдарламаларына өзгерістер енгізу және құрылыс саласындағы салауатты бәсекелестікті дамытуға қатысты.

Роман Шалудкин кандидатурасына кеңес мүшелері бір ауыздан ауыс берді. Төрағаның орынбасары болып «Renome Invest» ЖШС директоры Вячеслав Лазарев сайланды.

«Біздің ойымызша, Роман құрылыс саласының білікті өкілі және кеңес төрағасына әбден лайық.  Ол өзін құрылыс саласындағы жауапты маман ретінде көрсетті», – деді Қазақстан құрылысшылар одағы төрағасының орынбасары Валерий Лакисов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер