«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада полиция кәсіпкерді күзет қызметін жалдауға міндеттеген

2023 жылғы 24 Сәуір
- Астана қаласы
6737 просмотров

 Құқық қорғау органдары елордалық кәсіпкерді қылмыстың өсіп келе жатқан деңгейін төмендету үшін өкілдік арқылы күзет қызметін жалдауға міндеттеген.

Астана қаласының кәсіпкерлер палатасына жергілікті кәсіпкер полиция басқармасының іс-әрекетіне шағымданып жүгінді. Ол жақында тауарларды ұрлау жиілеп кеткен шағын супермаркеттің иесі екенін айтты. Барлық факті бойынша ол полицияға жүгінді. Бірнеше эпизодтан кейін тәртіп сақшылары оған құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы түсінік берді.

«Кәсіпкер супермаркет видеобақылау камераларымен және дабыл түймесімен жабдықталғанын айтты. Дегенмен, тауарлардың ұрлануынан құтылу мүмкін емес. Кезекті ұрлықтан кейін, кәсіпкердің құқығын қорғаудың орнына, полицейлер, керісінше, оны шаралар қабылдауға және күзет қызметін жалдауға, сондай-ақ тиісті агенттікпен келісім жасасуға міндеттеген.

Ұсынысты шығару үшін жедел жағдайды талдау негіз болды. Нәтижесінде қоғамдық орындарда (мейрамханалар, кафе, сыра клубтары, пабтар) қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың өсуі байқалады. Бұл жайт елорданың қауіпсіздік жағдайына теріс әсер етеді», – деді Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Шажанбаев.

 Спикер бұл нұсқама кәчіпкердің құқығын шектейтінін айтты. өйткені заңнамада күзет ұйымдарымен тікелей келісім жасасуға міндеттейтін императивті норма жоқ, сәйкесінше ұсыным заңсыз.

«Палата ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментімен бірлесіп, «Бизнеске жол» жобасы бойынша бизнесті қорғау жөніндегі мобильдік топ шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында айқындалған өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде шаралар қабылдады. Атап айтқанда, қала прокуратурасына хат жолданды. Прокуратураның наразылығы бойынша полиция басқармасының нұсқамасы кері қайтарылды», – деді ол.

Осылайша, кәсіпкердің құқыңы 64 млн теңгеден астам сомаға қорғалды. Бұл күзет қызметін ұстауға жұмсалатын шығынның жылдық сомасы.

Жеңіс Шажанбаев кәсіпкердің құқығын қорғау мәселесін жедел шешкені үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен прокуратураға алғысын білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер