«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жалпыға міндетті орта білім» жобасы отандық тауар өндірушілердің қатысуымен өтеді

2023 жылғы 19 Сәуір
- Астана қаласы
6162 просмотров

Елордада білім басқармасы мен қалалық кәсіпкерлер палатасы «Жалпыға міндетті орта білім» акциясы аясында отандық тауар өндірушілерден мектеп формасын сатып алу бойынша пилоттық жобаны іске қосу жайын талқылап жатыр.

Елордалық кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев «Жалпыға міндетті орта білім» акциясы Астанада бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқанын айтты. 2019-2021 жылдары мектеп формасы мен аяқ киімді отандық кәсіпкерлерден сатып алынған.    Отандық тауар өндірушілермен осындай ынтымақтастық оларды өндіріс көлемімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ сатып алынатын тауарлардың сапасын бақылауға ықпал етті. Алайда, 2022 жылы Білім министрлігі нормаларды өзгертіп, бұл бағдарламаны монетизациялады. Бұл қазақстандық компанияларға кері әсерін тигізді, өйткені олар өндірістің кепілді көлемінен айырылды.

 «Жаңа парламенттің алғашқы сессиясын ашу кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан «нақты индустрияландыру, өндірісті локализациялау, инфрақұрылымды жаңғыртумен айналысуы керек. Бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды бірінші кезекте отандық кәсіпкерлер іске асыруы тиіс» деп атап өтті. Осы тапсырманы орындау аясында біз республиканың түкпір-түкпірінен отандық тауар өндірушілермен кездесу өткіздік және Астана қаласының білім басқармасымен бірлесіп мектеп формасының ассортиментін, мерзім, іске асыру тетігі мен баға белгілеуді талқыладық», – деді ол.

 Тауар өндірушілер тауарлардың кең ассортиментін көрсетті. Ұлдар мен қыздарға арналған мектеп формасы, жейделер, күртешелер, кеудешелер мен белдемшелер қолжетімді бағада ұсынылып отыр. Кәсіпкерлер жоба қатысушыларына қосымша жеңілдік беруге дайын екенін айтты.

Кездесу барысында Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев әкімдікте оларды қолдау және жалпы қазақстандық жеңіл өнеркәсіпті дамыту мақсатында тауар өндірушілерді тарту қажеттілігі туралы түсінік бар екенін атап өтті.

«Кездесу қорытындысы бойынша біз Астанада отандық жеңіл өнеркәсіп тауар өндірушілерінен мектеп формасын сатып алу бойынша пилоттық жобаны іске қосуға келістік. Кәсіпкерлер оқу жылы басталғанға дейін олар жобаның барлық қатысушыларын мектеп формасымен және аяқ киіммен толық қамтамасыз ете алатындай етіп жобаны мүмкіндігінше ертерек ашу қажеттігін атап өтті», – деп атап өтті кәсіпкерлер палатасының директоры.

Еске салсақ, «Жалпыға міндетті орта білім» акциясы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды мектепке дайындауға көмек көрсетуге бағытталған.

  

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер