«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордалық кәсіпкерлер салалық комитеттердің құрамына мүше бола алады

2023 жылғы 11 Қаңтар
- Астана қаласы
4842 просмотров

Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы биыл негізгі салалар бойынша жеті салалық комитет құруға ниетті. Бұл алаңдарда жүйелі проблемаларды шешуге кәсіпкерлердің кең ауқымын тартылмақ.

Салалық комитеттерді қалыптастыру Ұлттық палата жұмысын трансформациялау шеңберінде «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың тапсырмасы бойынша жүргізіледі.

 «Нарықты талдай отырып, негізгі салалар бойынша жеті салалық комитет құру қажет деп санаймыз. Атап айтқанда, құрылыс және жер қатынастары; өнеркәсіп, отандық тауар өндірушілерді дамыту және қолдау; сауда және қызметтер; көлік және логистика; туризм және креативті индустрия; білім беру, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту; денсаулық сақтау. Комитеттердің міндеттеріне түйткілді мәселелерді анықтау және шешу, бизнес құқығын қорғау, НҚА сараптамасы, саланы дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру кіреді», – деді Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев.

 Мысалы, «Өнеркәсіп, ӨТО дамыту және қолдау» комитеті «Astana Invest» арнайы экономикалық аймақ мәселелері және отандық тауар өндірушілерді дамыту және ілгерілету, жергілікті қамту үлесін ұлғайту, өндірушілердің мемлекеттік объектілерді салуға қатысуы мәселелерімен айналысатын болады деп болжануда. Денсаулық сақтау комитеті – зертханалар, фарминдустрия, медицинадағы өндіріс мәселелеріне қарайды.

Құрметті кәсіпкерлер! Астана қаласының кәсіпкерлер Палатасы сізді салалық комитеттердің құрамына кіруге шақырады. Егер сіз қатысуға қызығушылық танытсаңыз және салалық комитеттерді құру бойынша ұсыныстарыңыз болса, сізді кері байланысқа шақырамыз. Жауапты маман – Гүлнұр Шәріпова, 91-90-88, +7 702 154 7707.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер