«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астаналық тауарлардың басым бөлігі Ресейге экспортталады

2023 жылғы 04 Қаңтар
- Астана қаласы
6983 просмотров

Елордалық кәсіпкерлер палатасының мамандары Астанада өндірілген қазақстандық тауарлардың импорттаушы елдерді анықтады.  Мәселен, Ресей Федерациясы отандық тауар өндірушілерге берілген экспорттық сертификаттар саны бойынша лидер.

2022 жылы Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы 3930 сертификат, оның ішінде 89 Индустриялық сертификат, 579 – СТ КЗ формасындағы сертификат және 3262 экспорттық сертификат берді.

«Экспорттық сертификаттарды 790,1 млрд теңгеден астам сомаға 242 отандық компания алды. Негізгі экспорттың ондығына бидай, арпа, зығыр, жасымық, жүгері, макарон, ұн, май, ет, тауық жұмыртқасы және алюминий өнімдері кірді. Бұдан басқа, қазақстандық өндірушілер қақпақ, құбырлар, киім, уран кені концентраты, электр энергияы, мұнай өнімдері және әтір суын шетелге жеткізеді», – деді Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев.

Экспорттық сертификаттардың басым бөлігі Ресей Федерациясына, екінші орында Тәжікстанға және үшінші орында Өзбекстанға тауарларды жеткізуге арналған. Одан әрі Иран, Канада, Қытай, Түрікменстан, Италия, Қырғызстан, Аргентина, Әзірбайжан, Ауғанстан, БАӘ және Беларусь елі бар.

Тауарларға келетін болсақ, астанада құрылыс материалдары, құрғақ қоспалар, Түрлі құбырлар, электр жабдықтары, киім және медициналық мақсаттағы тауарлар, шпалдар, жарықдиодты өнімдер, лифтілер мен эскалаторлар, вагондар, жиһаз, қақпақтар, полиграфиялық өнімдер және т.б. өндіріледі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер