«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салық органындағы келісім комиссиясының жұмысы тиімсіз

2022 жылғы 11 Қараша
- Астана қаласы
7608 просмотров

Кәсіпкерлердің келісім-шарттарын жарамсыз деп тану туралы 100 материалдың 99-ы сотқа жолданады, ал қалған істер бойынша келісім комиссиясы алдын ала тыңдауларды мүлдем өткізбейді.

Бүгін Ирак Елекеевтің төрағалығымен өткен Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы барысында келісім комиссиясының жұмысы қаралды.

Отырыста сөз алған Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Шажанбаев бизнесті қорғау экожүйесі аясында Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы келісім-шарттарды жарамсыз деп тану туралы сотқа жіберілген материалдарды алдын ала қараудағы келісім комиссияларының жұмысының тиімділігіне талдау жасағанын айтты.

2022 жылдың 9 айында мемлекеттік кірістер органдары 238 кәсіпкерге қатысты 53 келісім комиссиясын өткізген. Олардың 180-і бойынша келісім-шарттар жарамсыз деп тану туралы, қалған 58 іс бойынша материалдарды қосымша қарау қажеттігі туралы талап-арызды сотқа жолдау туралы қаулы шығарылған. Артынша олар сотқа жолданған.

Яғни келісім комиссиялары аясында келісім-шарттардың 99%-ы  жарамсыз деп тану туралы талап-арыздарды сотқа жіберу туралы шешім қабылданады. Өз кезегінде, кәсіпкерлер келісім комиссиялары жұмысы барысында өз тараптарынан қаржылық және бухгалтерлік құжаттамаларын растай отырып, келісім-шарттардың негізділігіне дәлелдер келтіреді. Солай бола тұра, келісімдерді жарамсыз деп тану туралы 750 талап-арыздың 5-еуі ғана қанағаттандырылған, бұл 0,05%-ды құрайды.

Жеңіс Шажанбаев биылғы тамыз айында Астана әкімінің кәсіпкерлермен кездесуінде палата келісім комиссияларының құрамына бір қоғам қайраткерін енгізуді ұсынғанын баса айтты. Бұл ұсыныс Астана қаласы әкімінің кәсіпкерлермен кездесуінің хаттамасымен департаментке жолданған. Алайда департамент ұсынысты қабылдамай, комиссиялардың қазіргі құрамы толықтырулар мен өзгертулер енгізуді қажет етпейді деген жауап берді.

«Мемлекеттік кірістер органдарының келісу комиссияларының жұмысын жүргізудегі тәсілі формальды түрде сақталғанмен, процедуралық бұзушылықтар орын алуда. Мысалы, «мәселелі келісім-шарттар бойынша материалдарды алдын ала жіберілмейді, олар Палатаға келісу комиссиясы өткізілер алдында ғана хабарлайды.

Келісім комиссиясын өткізбей соттарға талап-арыздарды тікелей жолдау фактілері де орын алған, бұл комиссия мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстары жойылғаннан кейін ғана талап-арыздарды сотқа жолдау қажет деген Комитеттің хаттамалық нұсқауына қайшы келеді», - деді ол.

Елордалық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары қазіргі уақытта келісу комиссиясының жұмысы сотқа дейінгі қарау шеңберінде келісімдердің жарамсыздық белгілерін анықтауға емес, керісінше, шағымдарды жіберу үшін материалдарды жинауға бағытталған деп санайды. Бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті белгілеген комиссияның құрылу мақсатына қайшы.

Кәсіпкерлер палатасы орын алып отырған даулы мәселені шешу үшін келісім комиссиясының қызметін Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жұмысына қайтарып, келісім комиссиясының құрамына қоғам қайраткерлерін енгізу және сол арқылы олардың құрамын жаңадан жасақтау қажет деп санайды. Яғни, ұсыныс бойынша келісім комиссиясы үш мүшеден: мемлекеттік кірістер органының бір қызметкерінен, Кәсіпкерлер палатасының бір қызметкерінен және бір қоғам қайраткерінен тұратын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер