«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

СІСА бизнес-форумы Нұр-Сұлтанда өтеді

2022 жылғы 20 Маусым
- Астана қаласы
6926 просмотров

2022 жылғы 27-28 маусымда елордада Қазақстан Республикасының ұйымдастыруымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) бизнес-форумы өтеді. Бизнес-форумның негізгі мақсаты – Азия өңірінің іскер топтары арасындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты кеңейту. Форумға мүше мемлекеттер Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ортақ бөлінбес қауіпсіздікке алып келетін диалог пен ынтымақтастық арқылы қол жеткізуге болатынына сенімді.

Бизнес-процестерді цифрландыру және орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері шарада талқыланатын негізгі тақырып болады. Бизнес-форум панельдерінің бірі азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне арналады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Astana Finance Days (AFD) Халықаралық конференциясы аясында осы форумды өткізуді Елші Қайрат Сарыбаймен  2022 жылғы 14 сәуірде өткен кездесуі кезінде қолдады.

Ұлттық палата атынан АӨСШК бизнес форумының жұмысына «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов қатысады. Райымбек Баталов АӨСШК Іскерлік кеңесінің басқарма төрағасы екенін атап өткен жөн.

 Еске салсақ, Қазақстан Кеңеске 2020-2022 жылдар аралығында жетекшілік етеді. Бұған дейін АӨСШК-те Түркия, Қытай, Тәжікстан жетекші болған. АӨСШК шақыру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылғы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария етті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер