«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елорда билігі мен бизнес кездесулерінің жаңа форматы қолға алынды

2022 жылғы 08 Маусым
- Астана қаласы
6442 просмотров

Нұр-Сұлтанда кәсіпкерлер мен қала әкімдігінің кездесуін ай сайын өткізу туралы шешім қабылданды. Бірінші жиын бүгін Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы алаңында өтті.

Кездесуге елорда әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаев бастаған жергілікті атқарушы органның алты басқармасы, «Astana» ӘКК басшылары қатысты. Астаналық бизнес мүддесіне Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңесінің мүшелері және Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев өкілдік етті.

Кездесу барысында қала кәсіпкерлері үшін маңызды бағыттар – құрылыс, жер қатынастары, білім беру және қаржыландыру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Елордалық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңесітің төрағасы Болат Омаров бизнес үшін ең өзекті мәселелердің бірі – www.gosreestr.kz. электронды сауда алаңы арқылы өткізілетін жер телімдеріне арналған аукциондар екенін атап өтті

«Аукционға қатысу үшін құжаттар пакетін жинап, аукцион басталуын күту керек. Алайда, www.gosreestr.kz сайтында қала бойынша өзекті бос жер телімдері жоқ. Аукцион ашық өтпейді. Нұр-Сұлтан қаласының АЭА бойынша бос телімдер туралы ақпарат, 2021-2025 кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде инженерлік желілер мен инфрақұрылымды жүргізуге қаражат жоқ», – деді ол.

Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев соңғы екі жылда аукциондар өткізілмегенін растап, 16 маусымда сауда-саттықты өткізу қайта басталатынын хабарлады. Әкімдікпен бос учаскелер тізімі қалыптастырылып, мемлекеттік тізілімге берілді.

«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймаққа келетін болсақ, индустриялық бөлік 98%-ға толтырылған. Сонымен қатар, біз оларды ұзақ уақыт – 5 жыл және одан да көп уақыт игермеген инвесторлардан жер учаскелерін қайта алу процедурасын жүргізіп жатырмыз. Бұл процесс жылдам жүргізілмейді. Біз 3 жыл ішінде 60 гектар жерді тәркіледік. Тиісінше, жұмыс істейтін инвесторлар жұмыс орындарын ашады, зауыттар салынды, таратылды. Бөлінген жерлерде 9 зауыт пайдалануға берілді», – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев. – Қазір екінші АЭА жобалау жүріп жатыр. Жыл соңына қарай біз бұл жұмысты аяқтаймыз және екінші паркте бос учаскелердің барын одан әрі пысықтаймыз деп ойлаймын».

Кәсіпкерлер Нұр-Сұлтан қаласының сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларына қатысты мәселені де көтерді. Бизнес-қоғамдастық Ереже жобасына ескертулер ұсынды, сонымен қатар бірқатар ескерту қараусыз қалды. Осыған байланысты, елордалық бизнесмендер бағалардың қымбаттауына және нысандар құрылысы мерзімінің ұзаруына жол бермеу үшін қосымша кеңес өткізуді және олардың ұсыныстарын тағы бір рет қарастыруды сұрады.  

«Біз қала бизнесінің мүддесіе қозғайтын барлық мәселе міндетті түрде «Атамекен» және Өңірлік кеңеспен алдын ала келісілуін және осыдан кейін ғана қоғамдық тыңдауларға шығарылғанын сұраймыз», – деді Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев.

Сондай-ақ, кездесу барысында отандық нарықты көрші елдердің бейрезиденттерінің Қазақстандағы жосықсыз кәсіпкерлік қызметінен қорғау мәселелері, ақылы тұрақ орындары, шағын қаржыландырудың болмауы, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландырудың төмен сомасы, «Жалпыға міндетті оқу» бағдарламасының орнына мектепке дайындық кезінде балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді монетизациялау және 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқыту мәселелері талқыланды .

Жалпы, бизнесмендер қала билігімен ашық диалог үшін алғыстарын білдірді және тұрақты кездесулер еліміздің бас қаласының бизнес-ахуалын жақсартуға көмектесетініне үміт артты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер