«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әлемдік деңгейдегі протездерді жасау бойынша инновациялық орталық елордада ашылады

2022 жылғы 28 Ақпан
- Астана қаласы
10942 просмотров

Протез-ортопедиялық бұйымдар Ottobock неміс концернінің жабдықтарында және технологиясы бойынша дайындалған. Бұл протез өнімдерінің сапасы жағынан Қазақстанда теңдесі жоқ.

 «Kazecotech» ғылыми-техникалық кәсіпорын» ЖШС жетекшісі Владимир Андреевтың айтуынша, 2020 жылы «Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы» ММ-мен қауіпті қалдықтарды басқаруға мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарты жасалды. Басқарманың ұсынымымен елордада тұрып, протез жасау бойынша қызмет алу үшін басқа өңірге баруға мәжбүр мүгедектігі бар адамдардың өмірін жеңілдету мақсатында жобаға әлеуметтік құрауыш енгізілді. Жобада протез-ортопедиялық бұйымдарды жасауда қалдықтарды қайта өңдеу кезінде алынған қайталама шикізатты пайдалану қарастырылды.

 «Қалдықтар келісімшартқа сәйкес жиналады және өндірістік базада қайта өңделеді. Осылайша қайталама материалдық ресурстардың жекелеген түрлері алынады. Оларды басқа да технологиялық процестерде қолдануға болады. Сонымен, жеке қайталама ресурстар протездерді жасау кезінде құрамдас бөліктердің бірі ретінде арматуралық материалы қолданылады», – деді спикер.

Елорда әкімдігінің қолдауымен «Kazecotech ғылыми-техникалық кәсіпорны» ЖШС оңалтудың техникалық құралдары мен протез-ортопедиялық бұйымдар саласындағы әлемдік лидер – Ottobock неміс концернімен келіссөздер жүргізді. Протездерді дайындау технологиясын меңгеру үшін қазақстандық маман бір жыл бойы Германиядағы зауытта және концерннің мәскеулік филиалында оқудан өтті.

 «Қазіргі кезде компанияда неміс жабдығымен жабдықталған модульді цех салынды. Бұл елордада протез-ортопедиялық қызмет көрсету орталығын құрудағы алғашқы қадам. Ottobock концерні шамамен 30 жыл бұрын қалыптасқан Қазақстанмен тарихи өзара қарым-қатынастарды ескере отырып, жобаны қолдады және оны тұрақты негізде іске асыруда практикалық көмек көрсететін болады. Біз мүгедек адамдарға күнделікті өмірде Ottobock-тан протез-ортопедиялық құралдар мен әлемдік деңгейдегі техникалық оңалту құралдарын пайдалануға мүмкіндік беруге қуаныштымыз», – дейді Владимир Андреев.

Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының тиімділігін атап өтті.

 «Елордада билік пен бизнестің диалогы жолға қойылған. Республика ауқымында жалпы өңірлік өнімде шағын және орта бизнестің үлесі жоғары. Біз бизнестің қала басшысы, оның орынбасарлары және қалалық басқарма басшыларымен тұрақты кездесуін өткіземіз. Әкім Алтай Көлгінов кәсіпкерлердің көптеген ұсынысын қолдайды. Біз мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту бойынша жұмысты жалғастырамыз», – деп атап  Алмат Жүнісов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер