«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кейінге қалдыру кезеңінде төлемдерді кешіктіру бұзушылық болып саналмайды

2022 жылғы 16 Ақпан
- Астана қаласы
5781 просмотров

Елордада салық органдары кейінге қалдыру берілген кезеңде төлемдерді кешіктіргені үшін кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартуға тырысқан.

 Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасына ЖШС астананың мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша басқармасы қызметкерлерінің әрекетіне шағыммен жүгінді.

«Кәсіпкер салық, зейнетақы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ Үкімет қаулыларын (уақтылы әлеуметтік есептеме) бұзғаны үшін 640 мың теңге сомасында айыппұл салу арқылы оны әкімшілік жауапкершілікке тартуға тырысып жатқанын айтты. 

 Заңнамаға сәйкес, егер кәсіпкер есептілікті тапсыру мерзімін алғаш рет бұзса, оған ескерту жасалады. Еегер бұзушылық қайталанса ғана айыппұл салынады.

Бизнес субъекті берген материалдарды зерттеген соң 2020 жылдың қазанында МКБ қаулыларымен серіктестікке салық, зейнетақы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ Үкімет қаулыларын (әлеуметтік төлемдерді уақтылы төлемеу) бұзғаны үшін ескертулер түрінде әкімшілік жазалау салынғаны белгілі болды. Бұл кезеңде карантин шектеулеріне байланысты мемлекет төлемдер мерзімін кейінге қалдыру бойынша жеңілдік жасаған.

 Осылайша, Мемлекеттік кірістер департаменті қайталанған бұзушылық деп таныған жазалау іс жүзінде алғашқы бұзушылық болған. Сәйкесінше айыппұл салынбауы тиіс», – деді Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатассының сарапшысы Жеңіс Шажанбаев.

Прокуратурамен өзара іс-қимыл аясында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулылар күшін жойды. Кәсіпкердің 640 мың теңгеге мүліктік құқығы қорғалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер