«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тапсырыс түспесе, даму болмайды

2022 жылғы 11 Ақпан
- Астана қаласы
5419 просмотров

Отандық өндірісті дамыту үшін отандық тауарларды пайдалануды жаңа объектілердің құрылысын жобалау кезеңінде енгізу қажет.

Елордада Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаевтың төрағалығымен жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында 2021 жылдың қорытындысы талқыланды, комиссияның 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, 2022 жылға арналған қарапайым заттар экономикасының сегіз саласы бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізу міндеттері бекітілді.

Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бейсен Жолболдиев өткен жылы комиссия 34 жиын өткізгенін, оның ішінде посттендерлік бақылау аясында құрылыс объектілеріне көшпелі отырыс өткенін айтты.

 «Мониторинг шеңберінде бірқатар проблема анықталды, мердігерлер отандық нарықта өндірілетін құрылыс материалдары туралы білмейтін болып шықты. Осыған байланысты бұл жұмысқа салалық қауымдастықтарды тартамыз. Қазақстандық тауарларды пайдалануда жергілікті қамту үлесін арттыру үшін жаңа нысандардың құрылысын жобалау кезеңінде сметаға салу керек. Құрылыс материалдарын таңдауға салалық бірлестіктер көмектесе алады. Тек осы жағдайда ғана отандық өндіріс дамиды. Егер отандық тауар өндірушілер тапсырыстармен қамтамасыз етілсе, оларға қысқа мерзімді перспективада өндіріс көлемін арттыру, жұмыс күшін, инвестицияларды  тарту және басқа да жұмыстарды жоспарлау оңай болады», – деді Бейсен Жолболдиев.

 Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері – жобаларға тапсырыс берушілер осы ұсыныстың қисындылығымен келісіп, отандық қамту үлесін арттыру бойынша тиімді жұмыс жүргізуге дайындығын атап өтті.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев 2022 жылға арналған нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне салалық және өңірлік қауымдастықтар, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету бойынша бизнес өкілдерімен тығыз өзара іс-қимыл жасауды; СТ-КЗ сертификаттарын алу, қарапайым заттар экономикасының 8 саласы бойынша нысаналы индикаторларды белгілеу мәселелері бойынша НҚА-ға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік сатып алу жоспарына мониторинг жүргізу биыл да жалғасатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер