«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы бизнес-қауымдастығы: Вакциналау – еңбек ұжымдарын қорғаудағы дұрыс шешім

2021 жылғы 19 Тамыз
- Алматы қаласы
15303 просмотров

Алматы қаласының кәсіпкерлері ұжымдық иммунитет қалыптаспаса, онда бизнес локдаун және қатаң карантин шараларынан көз ашпайды деп санайды.

 Алматы бойынша науқан басталғалы 1 ақпаннан 18 тамыз аралығында вакцинаның І компонентін 828 376 адам, ІІ компонентін 655 235 адам салдырған. Өткен тәулікте екпенің бірінші компонентін 5 153 адам, екіншісін 6 276 адам салдырған. Екпе алғандардың ішінде жасы 60-тан асқан азаматтар саны 109 203-ге жетті.

 Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы республикалық медициналық ұйымдармен бірлесіп, көшпелі вакциналауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүрзігіп жатыр. Сонымен қатар, жаппай вакциналау басталғалы бері ұжымдармен 50 кездесу ұйымдастырылды.

 «Бүкіл әлем COVID-19-ға қарсы күресте бірікті, бұл нарық факторы, нарықтағы өзгерістер. COVID-19 бизнеске теріс әсер ететін тұрақты факторға айналмауы үшін кәсіпкерлер дер кезінде әрекет ету керек. Біз басқаратын ұжымның саулығы қазіргі кезде компания басқарудағы негізгі басымдыққа айналды, сондықтан біз еңбек ұжымдарын қорғауға міндеттіміз. Бұдан бөлек, басшыларға үздіксіз жұмысты және қызметкерлерге қолайлы жағдайды қамтамасыз ету керек. Сондықтан вакциналау – бір жағынан ұжымды қорғау болса, екінші жағынан кәсіпорнымыз жоғары өнімділікпен тиімді жұмыс істеуін жалғастыруы үшін оңтайлы шешім», – деді RG Brands компаниясының басшысы Қайрат Мәжібаев.

 Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңестің төрағасы Максим Барышевтің айтуынша, вакцина салдыру расымен қажет.  Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңестің төрағасы Максим Барышев вакцина салдырудың қажеттігін атап өтті.

 «Адамдардың дені сау болса, олар жұмысқа алаңдамай шыға алады. Егер бизнеске шектеу қойылмаса, ел экономикаксы тұрақты дами бастайды. Дағдарысқа дейінгі деңгейге көтеріледі. Вакциналау – қиын жағдайдан шығудың бірден-бір жолы», – дейді Максим Барышев.

Raimbek Group холдингінің негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы, кәсіпкер және қоғам қайраткері Райымбек Баталов вакцинаны өзі және отбасы мүшелері де салдырғанын айтты.

 «Халықтың 70%-ы вакцина салдырмайынша ұжымдық иммунитет қалыптаспайтынын түсінеміз. Бизнес ретінде тұрақты болатын локдаундар мен шектеулерден зардап шеге береміз. Вакцина салдыру керек. Осы індетті біржола жеңіп, ашық, емін-еркін өмір сүріп, бір-бірімен тілдесіп, ешқандай үзіліссіз, пандемиясыз жұмыс істеп, қалыпты тіршілікке барынша тез оралу керек», – деді Райымбек Баталов.

Еске салайық, қалада медициналық ұйымдар, мектептер, мәдениет, спорт нысандары, базарлар мен сауда ойын-сауық орталықтарында вакциналаудың 160 пункті жұмыс істейді. Сонымен қатар 1 028 адамнан тұратын 237 бригада вакциналау процесіне жұмылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер