«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы: жұмыстың 3 айдағы қорытындысы

2021 жылғы 06 Сәуір
- Астана қаласы
4719 просмотров

Жыл басынан Нұр-Сұлтан қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 1800-ден астам адамға қызмет көрсетті

Оларға офлайн және онлайн форматта 2200-ден астам қызмет көрсетілді.

«Егер қызмет алушыларды жас ерекшелігі топтарына бөліп, қарайтын болсақ, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына 300-49 жас аралығындағы кәсіпкерлер жиі жүгінетіні анықталды, оларға 943 қызмет көрсетілген. Екінші орында – 17-19 жастағы жас кәсіпкерлер – 400 қызмет, ары қарай 58 жастан жоғары азаматтар, оларға 245 қызмет көрсетілді және 50-57 жастағы азаматтарға – 236 қызмет көрсетілді. Көмекке жүгінген азаматтардың үштен екісін әйелдер құрайды, шамамен 700 адам – ер азаматтар», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП директоры Алмат Жүнісов.

 Кәсіпкерлер арасында сұранысқа ие қызметтер бухгалтерлік және салық есептілігі, сондай-ақ статситкалық есептілік тапсыру қызметтері – ҚКҚО менеджерлері осы бағытта 1553 қызмет көрсеткен. Үшінші орында заңгерлік қызметтер – 334 қызмет көрсетілді.

 Қызмет түрлері бойынша ең көп сұраныс көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу; құрылыс және білім беру салалары, жылжымайтын мүлік операциялары, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет өкілдерінен түскен.

 Еске салсақ, КҚКО-да шағын және орта бизнес өкілдері «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында сервистік көмек алады, бағдарлама бойынша қызметтің құрамына бухгалтерлік есеп пен салық есебін жүргізу, сондай-ақ статистикалық есептілікті дайындауға байланысты қызметтер; заң қызметтерін көрсету; маркетингтік қызметтер; мемлекеттік сатып алуларға, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына қатысуға байланысты қызметтер кіреді. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.

 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Б.Момышұлы д-лы 2/11, «Avenue» БО, жұмыс күндері: 9:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00-14:00), телефон: 8 (7172) 91-90-87.

Call-орталық:  1432

Қызметтерді сондай-ақ services.atameken.kz онлайн алуға болады.

 Коронавирус індетінің таралауын алдын алу үшін жеке қорғану құралдарын: маска мен қолғаптарды киіп жүруді сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер