«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оқытушылар өндірісте біліктілігін арттырады

2021 жылғы 24 Ақпан
- Астана қаласы
4851 просмотров

Нұр-Сұлтанда арнайы пәндер оқытушылары мен «Лифт шаруашылығы, экскалаторлар (түрлеріна қарай)» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шеберлеріне арнап кәсіпорындар базасында тағылымдама ұйымдастырылды.

 Тағылымдаманы 2019-2021 жылдары Нұр-Сұлтан қаласында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жоспарын іске асыру шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімі және «ҚР Лифт шығарушы компанияларының қауымдастығы» Өзін-өзі басқарушы ұйымның бірлесуімен ұйымдастырылды.

 «Тағылымдамадан «Астана Профи» қала шаруалышығы колледжі және «Техникалық колледж» МКК-да «Лифт шаруашылығы, экскалаторлар (түрлеріна қарай)» мамандығы бойынша студенттерге білім беретін 10 оқытушы өтеді. Негізгі мақсаты – оқытушыларды кәсіпорындарда  заманауи жабдықпен таныстыру, өндірісте қолданылатын инновациялық технологияларды зерттеу, сондай-ақ бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға ықпал ететін мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру», – деді Нұр-Сұлтан  қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры  Алмат Жүнісов.

 Палата жетекшісінің айтуынша, оқытушылардың біліктілілін арттыру дуальді білім беру аясында колледж және қаладағы жұмыс берушінің арасындағы әлеуметтік әріптестігінің бір бөлігі саналады.

 ҚР Лифт шығарушы компаниялар қауымдастығының төрағасы Сергей Снятковский педагогтардың үздіксіз білім алуының маңызын атап өтті.

 «Тағылымдама   «Астана лифт» ЖШС, «Есіл лифтсервис»ЖШС,   «Лифтстрой сервис»ЖШС,  «Союзлифт»ЖШС сынды компаниялардың базасында өтеді. Зерттеуге 4 негізгі тақырып – электроника, электр қуаты және қуат көзі, қауіпсіздік техникасы, сондай-ақ құрылғы мен лифтінің құрамдас бөліктері таңдалды. Жұмыскерлеріміз жаңа материалды егжей-тегжейлі түсіндіруге тырысады», – деді Сергей Снятковский.

Жәрдемгүл Жанарбекова Техникалық колледжде материалтану, қауіпсіздік техникасын оқытады. Оқытушының айтуынша оған өндіріс басында практикалық бөлікті игеру қызықты болмақ, осылайша қосымша кәсіптік біліктілік арта түседі.

 Тағылымдама қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сәйкес сертфиикаттарын алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер