«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қармақшыда жаңа сауда орталығы ашылды

2021 жылғы 03 Ақпан
- Қызылорда облысы
7826 просмотров

Жыл басында Қызылорда облысына қарасты Қармақшыда ауданында жаңа сауда орталығы ашылды.

Аудан орталығында халықтың сұранысына сай тұрмыстық және өзге те техникалармен қамтитын, сапалы қызмет көрсету орталығын ашуды ағайынды Балмахановтар 2018 жылдан бастап жоспарлайды. Ол үшін арнайы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы мамандарынан кеңес те алады.

«Ғимаратты салмас бұрын жер телімін заңдастыру, мақсатын өзгертуге қатысты кеңесті Палата мамандарынан алдық. Олар жай ғана кеңес беріп қойған жоқ, жобамызды толықтай сүйемелдеді. Бизнес-жоспарды әзірлеп, мемлекеттік бағдарлама аясында «Қызылоорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан жеңілдетілген несие алуға жол сілтеген де Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері», - дейді ағайындылардың бірі кәсіпкер Шамалхан Балмаханов.

Жер телімі мен бизнес-жоспар, өзге де құжаттарды әзірлеп болғаннан кейін қармақшылық кәсіпкерлер ғимаратты салуды өз қаржыларымен бастап, жетпес қаржыны «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан алады.

Осылайша құрылысы 2018 жылы басталған нысан өткен жылы толықтай салынып болады.

«Рас, пандемия жоспарларымызға біраз түзетулер енгізді. Қиындықтар да болды. Соған қарамастан алғашқы жоспарымыздан ауытқымай ғимаратты толықтай іске қостық. Сауда орталығы ашылғаннан кейін 19 адам жұмыспен қамтылып отыр», - дейді кәсіпкер Шамалхан Балмаханов.

Осы жылдың қаңтар айында ашылған жаңа сауда орталығында «TECHNODOM.KZ» тұрмыстық техникалар желісі мен кәсіпкер Алмат Сүлейменовтің «АДИНА» сауда дүкені орналасқан.

Айта кету керек, 2020 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері 1677 кәсіпкерлік субъектісіне 1785 қызмет көрсетті. Оның ішінде: онлайн – 576 қызмет, офлайн – 1209 қызмет. Мұнымен қоса, кеңесшілер 4075 тұлғаға 7664 кеңес берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер