«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордалық кәсіпкер «АруАна» бизнесте танылу» сыйлығын алды

2020 жылғы 28 Желтоқсан
- Астана қаласы
7379 просмотров

Сандуғаш Жамиева биыл кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін ынталандыру мақсатында тағайындалған сыйлықтың лауреаттарының бірі атанды

Жеңімпазға диплом мен мүсіншені Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, белгілі журналист Ләйля Сұлтанқызы табыс етті.

 Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Бағила Бисембаеваның айтуынша, Сандуғаш кандидатурасына Іскер әйелдер кеңесі мүшелерінен құрылған қазылар алқасының көпшілігі дауыс берген.

 «Биылдан бастап  «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесімен құрылған сыйлық жылдың соңында деңгейдегі 17 марапат пен республикалық деңгейдегі Сыйлықтың 1 Гран-приі көлемінде беріледі», – деді спикер.

 Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов бейне-конференция көмегімен Сандуғаш ханымды құттықтады.

 «Әйелдер қаламыздағы кәсіпкерліктің дамуына сүбелі үлес қосып келеді, соның ішінде әлеуметтік бизнестің дамуына жасаған еңбектері бір төбе. Іскер әйелдер кеңесінің жұмысы соған дәлел. Жыл сайын кеңестің мүшелері қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, қатысады. Мәселен, биіл «Жақсылық жарысы» акциясы шеңберінде елордалық ІӘК   құны 106 миллион теңгеден асатын 173 оттегі концентраторын сатып алып,  Нұр-Сұлтандағы Рамада Плаза ғимаратында орналасқан ауруханаға табыстады», – деді Алмат Жүнісов.

 Сандуғаш Жамиева – көпбалалы ана, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде 5 млн теңге мөлшерінде грант ұтып алды, осы қаражатқа  ерекше балаларға арналған «Ақжан» орталығын ашты.

 «Осындай жоғары марапат алғаныма қуанып отырмын. Көп Рахмет. Менің бастамаларым өзге жандарға пайда әкелгеніне қуаныштымын. Орталық базасында балаларды оңалтудан бөлек, аналарды массаж жасауға үйретеміз, осылайша аналар балалардың денсаулығымен үйде айналысады», – деді Сандуғаш ханым.

Қазіргі кезде кәсіпкер жүргі құралдарын әзірлеп жатыр, отандық өнім шетелдік тауарлардан қолжетімді болады.  

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер