«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елорда бизнесмендері: коронавирусты алдын алу бойынша санитарлық нормаларды бұзу үшін айыппұл салу заңсыз!

2020 жылғы 06 Қазан
- Астана қаласы
8108 просмотров

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама, сондай-ақ гигиеналық нормативтерге қатысты талаптарды бұзғаны үшін айыппұл салынған елорда кәсіпкерлері оларға тағайындалған жауапкершілікпен келіспейді. Кәсіпкерлер салынған айыппұлдар негізсіз деп санайды

 Бұл мәселе бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес отырысында қаралды.

 Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш шектеу және карантиндік шаралар кезеңінде санитарлық нормаларды бұзғаны үшін 300-ден астам елордалық кәсіпкер 110 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің әрекетіне қатысты шағымдармен кәсіпкерлер Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП-ға хабарласа бастады. Осыған байланысты ӨКП мамандары Байқоңыр аудандық прокуратурамен бірлесіп, жауапкершіліктің бұл түріне тарту практикасын зерттеді. Зерттеу нәтижесі хаттамалардың басым бөлігі заңға қайшы жүргізілгенін анықталды.

«Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты киім дүкеніне қатысты әкімшілік істі қараған. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің пікірінше, арнайы белгілерге қарамастан сатып алушылар касса алдындағы әлеуметтік арақашықтықты (1 метр) сақтамағаны үшін  жауапқа кәсіпкер тартылуы тиіс. Сонымен қатар дүкенге қатысты «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» қойылған, бұл түбегейлі дұрыс емес. Жүргізілген жұмыс, соның ішінде Палата жүргізген зерттеу нәтижесінде кәсіпкердің сотта кінәсіз екені дәлелденді. 600 мыңнан астам теңге сомасындағы айыппұл алынып тасталды. Сот кәсіпкер тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық байқалмағандықтан істі тоқтатты», – деді Қуанышбек Мұқаш.

Кәсіпкер нысанында 4 млн теңгеге тауарды қайтарып беру процедурасы үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері орын алған, осы ретте тауарды қайтару үшін қандай да бір тыйым немесе жауапкершілік қарастырылмаған. Қоғамдық тамақтану орындарында келушілер талапқа сәйкес уақыттан 15 минутқа артық болғаны үшін нысан иесіне айыппұл салынған жағдайлар да бар. Осы ретте касса (мейрамхананың) жабық болған, тапсырыстар қабылданбаған, персонал мейрамхана ішін жинап жатқан. Бұған қарамастан хаттама толтырылып, кәсіпкер карантиндік шектеулерді бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

«Бізге полиция органы өкілдері келді, сол уақытта нысанда екі келущі болған. Қонақтарды қабылдауды тоқтатқан болатынбыз, бірақ есік құлыптаулы болған. Біз қонақтарды қабылдауды тоқтатқанымызды, мына екі кісі кетпей жтақанын түсіндірдік, Азаматтыө кодекске сәйкес жеке тұлғаға қарсы күш қолдана алмаймыз. Осы ретте нормаларды: әлеуметтік арақашықтық, маска режимін орындап жатырмыз. Залда жарық жартылай өшіп тұрды. Сондықтан осы айыппұлға қатысты қолдау алсақ. Біз оны 50 пайыз көлемінде төлеп қойдық, өйткені уақыт бізге қарсы жүріп жатыр. Осы соманың өтелгенін қалаймыз», – деді жиын барысында елордалық мейрамхана бірінішің директоры Камила Кочис.

Кәсіпкерлердің басым көпшілігі тағылған кінәні растауға мәжбүр, өйткені осы жағдайда олар айыппұлдың 50 пайызын ғана төлеуге мүмкіндіктері бар. Егер кәсіпкер тағайындалған жауапкершілікпен келіспей сотқа жүгінсе, сотта жеңілетін болса айыппұлды 100 пайыз өтейтін болады.

 «Кәсіпкерлердің санитарлық нормаларды сақтауына бақылау жүргізетін мониторингтік топтардың әрекетіне жеке назар салған жөн. Қазақстан заңнамасына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижесі профилактикалық бақылау және қадағалаудың тексеру жүргізуіне негіз бола алмайды.  Осы ретте полиция қызметкерлері бұл жұмысты жүргізіп жатыр, демек бұл заң бұзушылық, өйткені заңға сәйкес құқық қорғау органдары кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және оның шеңберін анықталған. Кәсіпкерлік кодекстің 133-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау мен қадағалау органдары құқық қорғау органдары жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты бақылау және (немесе) қадағалау iс-шараларын жедел-iздестiру қызметi, қылмыстық қудалау, әкiмшiлiк iс жүргiзу және (немесе) құқық қорғау органдары жүзеге асыратын реттеу функцияларын iске асыру шеңберiнде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүргiзедi», – деді Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП директорының орынбасары.

 Нұр-Сұлтан қаласы полиция қызметі бөлімінің бастығы Азамат Садықов полиция қызметкерлері 102 нөміріне келіп түскен шағымдар бойынша ғана тексеруге шағытынын айтты.

 «Қала бойынша небәрі 8 мониторингтік топ бар, біз Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің қызметкері қашан келеді деп күтіп тұра алмаймыз», – дед ол.

Спикер полиция хаттама толтыртыруға құқығы жоқ екенін, полиция бұзушылықты тіркейді, ал ары қарай хаттама мен шешімді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті қабылдайтынын айтты.

 Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Шағалтаева халықтың әлеуметтіік жауапкершілігінің төмендігімен келісті. Дегенмен кәсіпкерлік нысандар коронавирусты алдын алуда талаптардың сақталғанын қадағалауы керек. Мейрамхана сағат 23:00-де толығымен жабылуы қажет.

 «Біздің аумақтық басқармаларымызға полиция рапорттары тікелей түседі, олар әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз. Қазіргі кезде 1198 раопрт келіп түсті, 130 млн теңгеден астам сомаға 600 айыппұл салынды. Полиция департаментіне 389 рапорт, яғни 30 пайызы қайтарылды, олар бойынша негіз болмады, өйткені мемлекеттік органның қызметкері әкімшілік материалдың толымдығы, уақтылы жүргізілуі және сапасына жауапты», – деді Айгүл Шағалтаева.

  Кәспкерлердің пікірінше мұндай жағдайда сыбайлас жемқорлық салдарының тәуекелі жоғары, өйткені мониторингтік қызмет әрекетіне тиісті бақылау жүргізілмейді.

Жиын барысында Кеңес мүшелері Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы емес 462 – бабын қолдану дұрыс болатынын алға тартты, онда айтарлықтай жеңілдеу жаза белгіленген, бизнеске карантиннен кейінгі кезеңде жауапкершілікке тартуды жеңілдету шаралары аса маңызды.

 Жиын қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы сотына нормалардың бұзылғанына жол берген мемлекеттік органға қаысты жекелеген қаулылар шығару, Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасына қала бойынша тиісті талдау жүргізіп, тиісті ведомстволарға полиция қызметкерлері алдағы тексерулердің алдын-алу, оларға рұқсат етілмеген және тексерулер жүргізу тәртібінің бұзылуына жол бермеу туралы ұсыныс беру бойынша шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер