«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

 «Қарапайым заттар экономикасы». Нұр-Сұлтанда қандай салалар көш бастап тұр?

2020 жылғы 11 Маусым
- Астана қаласы
5770 просмотров

Нұр-Сұлтанда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында кәсіпорындар негізінен үш сала – тамақ өнеркәсібі, құрылыс және білім беру саласында ашылып жатыр

 Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Жобалық алқа қарауында жалпы сомасы 21,04 млрд теңгеге 29 жоба бар, соның ішінде 15,95 млрд теңгеге 24 жоба мақұлданды, 800 жұмыс орны құрылады. Жобалар қатарында мектеп, жатақханалар, кемпинг салу, нан-тоқаш өнімдері, жартылай дайын өнімдер, какао, шоколад және қантты, кондитерлік және текстиль өнімдерін шығару, медициналық тауарлар  өндірісі, сондай-ақ гофрланған картон, қағаз және картон ыдыстар, тұрмыстық химия өндірісі бар.

 «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде екінші деңгейлі банктермен бірге әлеуетті кәсіпкерлерді тарту және шарттарды түсіндіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазір 5,1 млрд теңге сомасында 569 жұмыс орнын құрумен 5 жоба банктер қарауында жатыр. Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары электро-жарық беретін жабдық, темірбетон бұйымдары, киізден киім-кешек өндірісін, жылыжай  ашуды жоспарлап отыр. Қауіпті емес қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату, көкөністер өсіру және арнайы жабдықтар шығару, жылыжай салу  бойынша жобалар бар. Тамақ өнеркәсібі, құрылыс және білім беру саласындағы ұйымдардың ашылуына үлкен сұраныс байқалады», – деді Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП директоры  Алмат Жүнісов.

 Несиені рәсімдеу процесі барынша тез өтуі үшін өтінім берушіге банк талаптарын мұқият қарап, соған сәйкес құжаттарды дайындап қою керек. Кепілзаттық қаматамсыз етуге бөлек көңіл аударған жөн. Сізге қосымша тең қарыз алшу қажетттігін банктен білу керек. Осылайша, несие алуда тәуекелдер азайтылады.

 «Рәсімдеу кезінде кепілзат жарамайытыны анықталып жатады. Бұл жайт несие рәсімдеу процесін тежейді. Сонымен қатар несие беруде банк қызметкерлері қарыз алушының несие тарихын, басқа қарыздарынң барын тексереді. Несие алудан қорықпау керек, бар болғаны тәуекелдерді алдын алу қажет», – деп атап өтті Алмат Жүнісов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер