«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Гүл өсіру бойынша шеберлік сабақ өтті

2020 жылғы 02 Маусым
- Батыс Қазақстан облысы
7148 просмотров

Әр екі ай сайын Іскер әйелдер кеңесі кәсіпті енді қолға алған қыз-келіншектерге арнап шеберлік сабақтарын өткізеді. Карантинге байланысты кезекті кездесу табиғат аясында ұйымдастырылды. Бизнес ханымдар Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Валентина Шаринаның бағында болды. Айта кетелік, ирис гүліне қатысты көп аңыз бар, ал оның атауы кемпірқосақ болып аударылады

 «Өміріміздің мәнді әрі сәнді өткізуге өзіміз ғана қауқарлымыз. 35 жыл бойы гүл өсірумен айналысамын. Үй ауласында 300-ге жуық ирис, пион, қызғалдақ, бұталар мен ағаш түрлерін өсіремін», – дейді Валентина Шарина.

Бақташы өсімдікті қалай баптау жайында түрлі әдістер және құпиялармен бөлісті. Валентина Шарина – түрлі республикалық және халықаралық көрмелерге қатысқан. Көрмелерден сирек кездесетін тұқымдар әкелінген. Бүгінде БҚО-да  ресми гүл өсірушілер саны көп емес. Ал ІӘК мүшелері бұл олқылықтың орнын толтырмақ. Үйінде ауласы бар ханымдар осы әсемдікті көріп, гүл өсіруді қолға алуды жоспарлап кетті. Кеңес мүшесі Светлана Страхова шеберлік сабақтан соң өз учаскесін тұрақты бизнес көзі ретінде дамыту бойынша шешім қабылдады. Болашақ гүл өсірушілер бір жылдан соң нәтижені көрсетуге уағдаласты.  Бұл бастама тиімді бизнестің бастауы болуы әбден мүмкін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер