«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордада жаңа 27 тәлімгер пайда болды

2020 жылғы 21 Ақпан
- Астана қаласы
6458 просмотров

Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының Тәлімгерлер мектебінде кезекті оқу аяқталды

27 тыңдаушы белгіленген үлгіде сертификаттар алып, «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы Тәлімгерлер тізіліміне енгізілді.

«Мен – Қазақстан Индустрия және тамақтану қауымдастығының резидентімін. Маған қатта ұнады. Көп ақпарат алдым, мәселен, қақтығыстарды шешу бойынша, жұмыс беруші және жұмыскерге де жұмыс істеу қолайлы болу үшін не істеу керек. Болашақта, осының бәрі кәдеге асады деген сенімдемін. Мен бастауыш аспаздарға курс өткіземін, оқу аяқталған соң жас мамандар екінші разрядтағы аспаз куәлігін алады. Өзім төртінші разрядтағы аспазбын, шеф-аспаз болып жұмыс істеймін. Белгілі болғандай, шеф-аспаз, бірінші кезекте қалған басқа аспаздарға тәлімгер болады, сондықтан ол барлық міндеттерді түсіндіруі керек», – деді Эрик Вайцель.

Көппрофильді колледждің әдіскері Динара Әбелдинова оқытудың өнімділігін атап өтті.

 «Маған жұмыс орнында оқу моделімен танысу өте қызықты болды. Мен персоналды оқытамын,  өндірушілермен тәжірибе алмасу, пікір алмасу, топтарда жұмыс істеу қызықты болды. Енді мен колледжге барып, өндірістік жаттығуларға ден қоямын», – деді ол.

 Тәлімгерлер мектебінің тренер-мультипликаторы Ләззат Шонаева тыңдаушылардың барлығына алғыс білдіріп, бәріне қалалық қана емес, сондай-ақ республикалық деңгейді тәлімгер атануды тіледі.

 «Қашанда осындай адамдарды оқыту мәртебе. Танытқан қызығушылық үшін рахмет, келешекте сіздерді кәсіби болашақ күтетініне сенімдімін», – деді тренер.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Тәлімгерлер мектебі 2018 жылдан бері жұмыс істейді, осы уақыт аралығында мында 229 адам оқып шықты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер