«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Нұр-Сұлтанда «1000 сауда орны» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталды

2019 жылғы 31 Желтоқсан
- Астана қаласы
8544 просмотров

«Astana» ӘКК» АҚ «Нұр-Сұлтан қаласында көше саудасын жүргізуге павильондарды орналастыру туралы» жобасы шеңберінде «Astana» ӘКК» АҚ-тың жер телімдерін беру ережесіне сәйкес жер телімдеріне субаренда құқығын беруге өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды

 Жобаға қатысуға өтінімдер www.gosreestr.kz электронды плорталы арқылы 2020 жыл 15 қаңтар сағат 8:00-ге дейін қабылданады.

 Жеке кәсіпкерлерге:

  • жеке кәсіпкердің тіркелгенін растайтын құжат;
  • жеке кәсіпкердің жеке куәлігінің көшірмесі;
  • жеке кәіпкердің есеп-айырысу шотыны барын растайтын банк анықтамасы;
  • өкілдің құзыретін растайтын құжат (қажет болса);
  • 50 АЕК көлемінде кепілдеме жарнаның төленгенін растайтын төлем құжаты.

Заңды тұлғаларға:

  • заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
  • бірінші жетекшіні тағайындау туралы шешім (хаттама) көшірмесі;
  • заңды тұлғаның бірінші жетекшісіне бұйрық көшірмесі;
  • өкілдің жеке басын және өкілдігін растайтын құжат (қажет болса);
  • заңды тұлғанын есеп-айырысу шотының барын растайтын банк анықтамасы;
  • 50 АЕК көлемінде кепілдеме жарнаның төленгенін растайтын төлем құжаты.

Жарияланған тізімнен жер телімін алу бойынша тікелей келісім-шарт жасауға ниетті кәсіпкерлік субъектілері (жеке кәсіпкер, заңды тұлға) жоғарыда аталған құжаттармен бірге өтінім беру керек, сондай-ақ 2010-2018 жылдар аралығында алынған жер телімдерін жалға алу құқығын беру туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысын беру керек.  

 Мүлікті мүліктік жалға беру (аренда) бойынша электронды сауда-саттық жүргізу регламентімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://e-auction.gosreestr.kz/p/ru/auction-infos/ea-reglament/Files/Reglament_po_arende_izmeneniya_06.03.2019.htm

«Astana ӘКК» АҚ үйлестірушісі: тел. 8(7172) 61-35-54, мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Ә.Мәмбетов көшесі, 24, 6-қабат, 602 кабинет (жұмыс уақыты: 9:00-18:30, дс-жм). Электронды порталдың техникалық қолдауы: 55-29-81 (ішкі 110, 112, 119), жұмыс уақыты: 9:00-18:30.

Жер телімдерінің тізімі  сілтеме. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер