«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Нұр-Сұлтанда «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберіндегі жобалар талқыланды

2019 жылғы 10 Желтоқсан
- Астана қаласы
5886 просмотров

Елордада «Қарапайым заттар экономикасы» алаңында Жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын жүзеге асыруға мониторинг жүргізу жөнінде өңірлік жобалық алқаның және Нұр-Сұлтан қаласының Жергілікті қамту жұмыстарына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға қала әкімі Алтай Көлгінов қатысты

 Кездесу Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы, Жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің одағы, Машина жасаушылар одағы, Highvill Kazakhstan, Mabco Constructions SA, НұрАстана Құрылыс сынды бірқатар құрылыс қауымдастықтары мен компаниялар өкілдерінің қатысуымен өтті.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов «қарапайым заттар экономикасының» әлеуетін барынша қолдану қажеттігін атап өтті. Оның пікірінше, қалада бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасалуда: өнім/тауар өндіруге, сапаны жақсартуға, бәсекелесуге, экспортқа шығуға мүмкіндік бар. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде әкімдік ШОБ-ты жеңілдікпен несиелеу бағдардамасын жүргізіп жатыр.

Жергілікті қамтуға мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның төрайымы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова 2019 жылдың 11 айында жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссияның атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Ол кәсіпкерлерді қосымша қолдау үшін жобалық құжаттаманы әзірлеу және веб-порталдарда жобалық-сметалық құжаттаманы орналастыруда тауар өндірушілердің қатысуы бойынша шаралар қабылданғанын айтты. Малика Бектұрова «Қарапайым заттар экономикасы» басымдық берілген бағыттарды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде қаржыландырылған жобалар туралы ақпарат берді.

 Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов Индустриялық сертификат және СТ-KZ сертификатының артықшылықтары туралы айтты.

 «ПИК Ютария ЛТД» ЖШС компаниялар тобының бас директоры, Жеңіл өнеркәсібі өнмі өндірушілер одағының төраймы Сәуле Шәуенова отандық тауар өндірушілердің өндірісі толық жүктелмей отырғанын айтты, мәселен, құрылыс компаниялары арнайы киімді олардан тіктіре алуына болатын еді.

 Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының президенті Қанат Ыбыраев қала әкіміне  елорданың жиһаз өндірістеріне баруды, сонымен қатар қала әкімдігінің қолдауымен дайын өндіріс орындарын қамтамасыз етумен жиһаз кластерін құруды ұсынды. Ол сондай-ақ, жиһаз саласында отандық тауар өндірушілер жұмысында оффтейк-шарттарын пайдалануды ұсынды.

 «Астана электро-техникалық зауыт» ЖШС директоры, Машина жасаушылар одағының төрағасы Асқар Сыздықов қалаға мемлекеттік-жеке меншік серіктестік схемасы бойынша энергетикалық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

 Кеңейтілген отырыс шеңберінде CSI консалтинг компаниясының аға серіктесі Олжас Құдайбергенов сөз сөйледі, оның айтуынша, бизнестің қолайлы жұмыс істеуі үшін «Бизнеске арналған үкімет» жұмысын дамыта түсу керек, онда кәсіпкерлерге «бір терезе» принципімен 100-ден астам қызмет көрсетіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер