«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Нұр-Сұлтан қаласында Iqala базасында ашық есік күні өтті

2019 жылғы 15 Қазан
- Астана қаласы
6280 просмотров

Елордалық кәсіпкерлер Iqala алаңында екінші деңгейлі банктерден консультациялар алды

Бұл жерде екінші деңгейлі банктердің қатысуымен ашық есік күні өтті. Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бейсен Жолболдиев іс-шараны ашып, шағын бизнесті қолдаудың маңыздылығын атап өтті.  

«Біз барлық банктерді шағын бизнесін енді қолға алған кәсіпкерлерге ниеттестікпен қарауды сұраймыз. Президент өз Жолдауында шағын және орта бизнес үш жылға тексерулерден босатылады деп айтты. Біз өз кезегімізде кәсіпкерлермен олар өз міндеттемелерін адал орындауы бойынша жұмыс істейміз», – деді  Бейсен Жолболдиев.

Спикердің айтуынша, аталған іс-шараның мақсаты мемлекет бөлетін мүмкіндіктер, соның ішінде жеңілдікпен несиелеу, «Даму» қорынан субсидиялау және кепілдендіру мүмкіндіктері туралы бизнесті ақпараттандыру. Бейсен Жолдболдиев кәсіпкерлерді «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына белсенді қатысуды ұсынды, оның шеңберінде ШОБ-ты қаржыландыруға 600 млрд теңге бөлінген, ал екінші деңгейлі банктер бизнеске қолданыстағы құралдарды белсенді ұсынатын болады.

 «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалының клиенттермен жұмыс жөніндегі бас менеджері Жанар Ермаханбетова қордың қызметі және қордың бағдарламалары туралы ақпарат берді.

 «Бизнесті қолдаудағы негізгі бағыттар – субсидяилау арқылы несие мөлшерлемесін төмендету, кепілдік қамтамасы етудің жеткіліксіздігі салдарынан кепілдеме беру, сонымен қатар жеңілдікпен қаржыландыру. Субсидиялау мен кепілдендіру «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы және «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы шеңберінде беріледі онда арзандату 14,25%-да жүреді, ал субсидиялау, жобаның жүзеге асу орнына байланысты 40-тан 50%-ға дейін құрайды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 40%, яғни несиені 8,55%-бен төлейтін боласыз. Жеңілдікпен берілетін несиенің ең жоғары сомасы 2,5 млрд теңгені құрайды», – деді Жанар Ермаханбетова.

Кепілдендіруге келетін болсақ, бастауыш компанияларға несие сомасынан 85% беріледі, ал жұмыс істеп жатқан компанияларға 50%-ға дейін беріледі. Кепілдендіру тегін көрсетіледі.  

 Сонымен қатар банк өкілдері «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде несиелеу механизмі туралы ақпарат берді. Жиын барысында осы бағдарламаға өзгерістер енгізілетіні айтылды, өзгерістердің бірі бұрын алған несиені қайта қаржыландыру мүмкіндігі жасалады. Жаңа құрал бизнеске жаңа мүмкіндіктерді ашады.

Жиыннан соң кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктер және Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП кәсіпкерлерді қолдау орталығы өкілдерінен жеке консультациялар алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер