«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Креативті индустрияны дамыту форумы

2019 жылғы 24 Сәуір
- Астана қаласы
4317 просмотров

Еліміздің бас қаласында  Creotalents жобасы аясында  креативті индустрия мен кәсіпкерлер арасында Creative Spark British Council форумы өтті.

Форумды Л.Гумилев атындағы ЕҰУ қарасты CACTLE кәсіпкерлер Орталығы, Бирмингем университеті(Ұлыбритания) және Оксфорд Брукс Университеті(Ұлыбритания) ұйымдастырған.

Қазақстандағы креативті индустрия төңірегінде жүрген Одақтар мен қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың және ғылыми ортаның басын қосқан бұл форум тамаша пікірталас алаңына айналып шыға келді.

Форум барысында шығармашылық кәсіпкерліктің халықаралық қарым-қатынасы жайлы да сөз қозғалды. Оны доктор Эндрит Кромиданың «Халықаралық серіктестік және шығармашылық кәсіпкерлік» атты презентациясынан да байқауға болады.

«Атамекеннің» қаржылай емес көмек көрсету бөлімінің басшысы  Азамат Құдайбергенов  «Аtameken Services» порталы жайлы, кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының жұмыстары жайлы кеңінен толғады.

«Аtameken Services» порталында «Несие агрегаторы» деген  функция бар. Бұл жерде кәсіпкер өз кеңсесінен шықпай-ақ өтінім беріп, сол өтінімі еліміздегі маңдай алды банктерге бір мезетте түсетін болады.  Бұл порталдың көмегімен «Atameken.Academy», «Бастау» және  «Бизнес-мектеп» жобаларында оқуға болады. Оқудың барлығы онлайн режимінде өтеді», – деді Азамат Құдайбергенов.

Сондай-ақ, портал арқылы бизнес-жоспарды, салық есептерін тегін жасауға болатындығын да тілге тиек етті.

Creotalents жобасы ұжымы атынан сөз сөйлеген профессор Левент Алтынай шығармашылық бағыттағы адамдардың кәсібін дөңгелетіп әкетуіне мемлекет тарапынан қаржылай және қаржылай емес көмектердің болуы қажеттігін жеткізді.

Форумның екінші күні толықтай тренингтерге арналды. Бұл жерде жобаларына шетелдік инвестор тарту, краудфандинг жүйесі арқылы қаржы жинау, қаржыны есептеу, аудит төңірегіндегі сұрақтар, клент тарту секілді тақырыптардағы тренингтер келушілерге пайдалы болғаны анық.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер