«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түрлі-түсті тұшпара өндірісі табысты бизнеске айналды

2018 жылғы 05 Қараша
- Астана қаласы
11995 просмотров

Астаналық кәсіпкер Қаракөз Алтынбек экологиялық жартылай дайын өнімдер өндірісін қолға алғанына бірнешге жыл толды. Кәсіпкер Atameken.kz сайтына берген сұхбатында қарапайым тұшпаралардан «түрлі-түсті» тартымды да бірігей туынды жасаудың сырын айтып берді.

–Қаракөз, компанияңыздың тарихы қалай басталды?

–«Мамулины вкусняшки» жеке кәсіпкерлігі анам екеуміздің бастамамызбен 2016 жылдың 20 қазанында құрылды.   

Анам Ботагөз Алтынбек тамақ өнеркәсібі саласында 20 жылдық тәжірибесі бар, атап айтқанда орташа мұздатылған азық-түлік өнімдерін калькуляциясы мен өндірісі саласында жұмыс істеген. Тамақ өнеркәсібінде 15 жыл қатарынан жалданбалы қызметкер болып, анам өзін кәсіпкер ретінде сынап көргісі келіп, орташа мұздатылған азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша шағын цехты ашты.

Клиенттің сапалы тамақ бойынша «бас ауруын» ескере отырып, тұшпараларды үйде қалай әзірлейміз, тура сондай табиғи құраммен дайындап жеткізу бойынша ұсынысты қолға алдық. Осылайша қыз-келіншектердің асүйдегі жұмысы азайып, уақыты үнемделер еді. Бірінші клиенттер жақындардан құралған адамдар – құрбы-құрдас, туысқандар, әріптестер болды. Кейін клиенттік база жаңа тұтынушлармен толықты, жаңа лекті бірінші клиенттер тұшпаралардан жағымды әсерімен әрі ұсыныстарымен тартты.

–Өндіріс үдерісі, өз тауарларыңызды қандай шикізаттармен дайындайсыздар,  жұмыс үдерісі қандай?

– Шикізат, ет және көкөністер тексерілген жеткізушілерден алынады. Етті базардан алмаймыз, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми Халал сертификатын алған  жеткізушілерден ғана сатып аламыз.

Өндірістік цех Астана маңында Талапкер ауылында  орналасқан, онда көкөніс және басқа шикізатты сақтауға, дайын өнімді қаптауға болатын  бірнеше ішкі орынжай, аспаздар өнім дайындайтын ас үй, сонымен қатар қызметкерлер демалатын бөлме мен киім ауыстыратын арнайы бөлме бар. Ғимараттың жалпы ауданы – 160 шаршы метр.

Қазіргі таңда кәсіпорында 15 адам жұмыс істейді. Барлығы ресми түрде жұмыспен қамтылған, зейнетақылық және басқа да төлемдер жасалады. Қызметкерліеріміз тұрақты түрде біліктілікті арттыру бойынша оқудан өтеді.    

Еңбекақыдан бөлек қызметкерлер істеген еңбегіне қарай бонустар, туған күн мен мерекелер күндері сыйақылар, сонымен қатар айлық жол жүру билеттерін алады.

 –Фирмаңыз ұсынған ассортимент қандай? Артықшылық неде?

 –Ұсынған ассортиментте тұшпаралар (сиыр еті, жылқы еті, ақсерке еті), балалар тамақтануына арналған түрлі-түсті тұшпаралар, оларды көкөніс пен аскөк балғынымен бояймыз. Мантылар (5 түрлі салма), котлеттер ( 5 түрлі салма) варениктер (шие, сүзбе, картоп, саңырауқұлақ, ірімшік) басқа да өнімдер бар. Барлығы ассортиментте 50 жартылай дайын экологиялық таза өнім шығарылады.

Клиенттеріміз жиі тапсырыс беретіні – балаларға арналған түрлі-түсті тұшпаралар.

Түрлі-түсті тұшпара дайындау идеясы кездейсоқ, сонау 1995 жылы келді. Ол уақытта 3 жасар қызым болды. Баламның құрамында бояулары бар барлық дерлік  өнімге аллергиясы болды. Баламның ас мәзірін түрлендіруді ойладым, елеуіш (ол уақытта миксерлер мен шырын сыққыштар болған жоқ) арқылы  көкөніс пен жемістердің шырынын сығып алуға тырыстым, алынған шырынмен нан иледім. Өте дәмді болып шығатын, түрі де келісті, ал балам мұндай тамақты қуана жеп алатын.

Ал Астанада жартылай дайын өнім саласында кәсіпкерлік қызметпен айналыса бастағанымда ешбір өндірушінің ассортиментінде боялған тұшпаралар болған емес. Осы артықшылықты бірден пайдаланғым келді де есте қалған рецептіні жандандырдым. Мен химик емеспін, мен аспазбын. Компаниямыздың миссияларының бірі – химиялық қоспаларсыз #химиясызтамақ таза табиғи компоненттер қолдану.

–«Түрлі-түсті» тұшпаралар қалай дайындалады? 

– Біз ең балғын, ең шырынды аскөк, көкөністерді сатып аламыз. Оларды жақсылап іріктеп, тазартамыз да шырын сыққыш арқылы шырынын аламыз. Ары қарай алынған шырынның көлеміне қарай бірнеше тамшы лимон шырынын қосамыз – бұл әдісті тұрақты түс алу үшін мен 1995 жылы қолданған болатынмын. Осы құпия ингредиент арқылы тұшпаралар пісіп жатқан уақытта көкөністер түсі сорпаға тарап кетпейді де қамырда қалады.

–Түрлі-түсті тұшпараның кәдімгі тұшпарадан дәм жағынан айырмашылығы бар ма?

– Әрине, өйткені онда көкөністер: қызылша, сәбіз, шпинат қосылады. Дәмі айтарлықтай қатты білінбесе де бар. Бұған қоса онда тамақ талшықтары бар, яғни өнімге шырынмен қоса жемістің тұтас өзі мен аскөс толығымен қосылады. Демек балаларға арналған дәрумендік мөлшер қамтамасыз етілген.  Көп клиенттер балалары көкөніс қосылған тұшпараны жақсы жейді деп айтады. Ал салма ретінде майлы емес сиыр етін, күрке тауық еті мен тауықтың жұмсақ етін қолданамыз. Тұшпаралар диаметрі 3 см құрайтын дөңгелек түрінде түйіледі де 1 келі өнімде 150 дана шығады.

 Айына шамамен 200 келі түрлі-түсті тұшпара сатылады. Соңғы 2 жыл ішінде 4 мың тоннадан жоғары өнім, бұл дегеніміз 700 000 дана тұшпара сатылған. Жыл сайын #отзывы_мамулиных_вкусняшек хэштегімен әлеуметтік желіде жақсы мадақтамалар, жағымды пікір алып отырамыз.

 Тұшпаралар -33 с темперетурада талықсытпалы қатыру арқылы мұздатылады.    

 –Өнім сапасына қандай талаптар қоясыз?

–Өнім сапасына деген негізгі талаптың бірі – бұл максималды балғын, экологиялық таза, ГМА, соя, қоспалар мен дәм күшейткіш дәмдауіштерсіз өнім шығару. Өнімімізді отадан кейінгі науқастар, қатерлі ісктен айыққан ремиссияда жүрген жандарды тамақтандыру үшін қолданады. Шикізаттың барлғы өзінің температуралық реджимінде бөлек бөлек сақталады. Ет жеткізушілеріне де қатаң талап: ветеринарлық сертификат пен Халал сертификаты сұралады. Кәсіпорын жыл сайын жергілікті және облыстық санитарлық-эпидемиологиялқ станция тексерісінен өтеді.

Қазіргі таңда кәсіпорын қызметіне дайын тамақ өнімдерін сату кіреді. Негізгі тұтынушылар жеке тұлғалар (ритейл), сонымен қатар Nash, SAT, Zere, Биофуд, Хайвилл, Инабат Экспо, Гастроном супермаркеттер мен басқа да дүкендер. Сонымен қатар клиенттік базаның 10 мыңнан астам өкілі. Компаниямыз корпоративті бизнеске арнап (ШОБ, 50 000 теңгеден жоғары тапсырыс) кейтеринг қызметін атқарады. Бұған қоса арнайы балабақшаларға балалар тамақтануына арнап тапсырыс орындалады.

 –Сіздерде барлық қажетті жабдықпен қамтылған үлкен өндірістік цех жұмыс істейді. Жұмыста жабдықтың қандай түрін қолданасыздар?

 –Қамыр жаятын білдек, өлшеп, қаптау жабдығы,  өнімді талықсытпалы қатыру  камералар бар. Мұндай камералар өнімнің барлық пайдалы заттарын сақтайды.

 –«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған көрме-байқауларға бірнеше мәрте қатыстыңыздар. Ұлттық палатамен ынмақтастықта болу қаншалықты пайдалы?   

–Иә, барлығы дұрыс. Биыл «Қазақстанның үздік тауары өңірлік көрме-байқауына қатыстық. «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша жүлделі орын алғанымыз қуанышты жағдай болды.  Сонымен қатар біз ҰКП ұйымдастырған Жастар жобалары көрмесіне қатстық.

Негізгі қызметтен бөлек компания қайырымдылықпен айналысып, ауыр науқас балаларға қатысты кез келген іс-шараға қолдау көрсетеді. Ибраһим Әубәкірдің (орталық жүйке жүйсі, эпилепсия) еміне 10 000 ш.б жинауға көмектестік.  Әлеметтік желідегі парақшаларымызға аптасына бір рет қайырымдылық сетін жариялаймыз ( 5 келіден жоғары жартылай өнім), осы өнімді сатып алғысы келетін кез келген адам өнім құнын науқас баланың шотына аударады, ал өнім үйіне жеткізілгенде төлемді растайтын чекті бергені жеткілікті. Бұған қоса ана мен бала ортылығындағы қатерлі ісік бөлімінде ем алып жатқан балаларға арнап ойын-сауық материалдар, ойыншықтар, кеңсе тауарларын жинауға тоқсан сайын қатысамыз.

 Отандық кәсіпкерге жан-жақты қолдау көрсетіп отырған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына алғыс айтқым келеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер