«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бұзуға болмайды

2018 жылғы 25 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
9038 просмотров

Петропавлда вокзал маңында, орталық базар аумағында, орталық мәдениет және демалыс саябағының маңында орналасқан жазғы кафелер мен қалалық билік арасындағы дау-дамай бір жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді.

Осы уақыт аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің мүддесін қорғау барысында құқықтық көмек көрсетуде, олар Жоғарғы сотқа дейін барды. Дегенмен, қала билігі алған беттерінен қайтар емес, олар кәсіпкерлермен ымыраға келуге асықпағанды былай қойып, кейде өз билігін асыра пайдаланып та жатыр.

Біз бұрын да бірнеше рет Петропавл қаласының әкімдігі сауда павильондары орналасқан жер телімдерін мемлекеттік қажеттілікке тартып алмақ ниетте екенін жазған болатынбыз, яғни биліктің ойынша көзге қораш көрінетін павильондарды бұзу қажет. Олар бұл үшін түрлі себептер тауып, қаулылардың бірінен соң бірін шығарып жатыр.

Өздерінің сауда нүктелері бұзылатындығы туралы алғашқылардың бірі болып вокзал маңындағы 3 қоғамдық тамақтандыру орындарының иелері құлақтандырылды – «Бистро», «Островок», «Парадиз» кафелері. (Толық ақпаратты «Сауда павильондары бұзылады» материалынан ала аласыздар http://atameken.kz/ru/news/28499-torgovye-pavil-ony-petropavlovska-pojdut-pod-snos).

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің отырысында мемлекеттік органдар бұзу туралы қаулы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің талаптарына сәйкес шығарылды деп түсіндірген болатын. Талаптарға сәйкес мұндай павильондар вокзал маңындағы алаңды қайта құру жүргізілетін болғандықтан, үй-жайлардан 50 метр қашықтықта орналасу керектігін, өйткені ол жерлерде нөсер канализациясын салу қарастырылп жатқандығын айтып түсіндірген еді. Алайда осы тақырыпты талқылау барысында билік өкілдері бірнеше рет бұл павильондардың кенет ескіріп кеткендігін және вокзал маңындағы көріністі бұзып тұрғандығын айтып қалды. Осыдан кейін кәсіпкерлер билік осындай жолмен олардың жер телімдерін тартып алып, қаланы көзге қораш ғимараттардан арылтуды қолға алды ма деген ойға келді.

Ойлап қарасаңыз, нөсер канализациясын салу үшін соншалықты үлкен алаң қажет емес және де оны павильондарды бұзбай-ақ кез-келген жерге салуға болады. Ал мәселе сауда нүктелерінің көзге қораш келбетінде болса, кәсіпкерлер оларды бірдей етіп жөндеуге әзір. Олар бұл ниеттері жайында қала билігіне Кәсіпкерлер палатасының алаңында да, әкімдіктің отырыстарында да бірнеше айтқан болатын, дегенмен бұл мәселені шешу барысында мемлекеттік органдар алған беттерінен қайтар емес... Сонымен қатар, павильондар орналасқан жер телімдері біреудің жеке меншігінде немесе 2021 жылға дейін жалға алынғандығы да шенеуініктерге тосқауыл болмай тұр.

Билік өкілдері шағын және орта бизнес өкілдерімен ымыраға келуге ниет танытпағандығы жөнінде бұрын да жазғы кафеге қатысты «Петропавл қаласы әкімдігінің ТКШ не үшін кәсіпкерлерге зиянын тигізіп жатыр?» деген материалда жазған болатынбыз (http://atameken.kz/ru/news/29683-zachem-otdel-zhkh-akimata-g-petropavlovska-pakostit-predprinimatelyam).  Өйткені бұл мәселеге әбден қанық  шенеуніктер Кәсіпкерлер палатасының алаңында кәсіпкерлермен кездесуден қашқақтайды. ТКШ бөлімінің өкілдері сотта жеңіліс тапқаннан кейін төтенше шараларға барған – кабельдерді кесу және тас төсеуіштерді қопару арқылы кәсіпкерлерге жұмыс істеуге кедергі келтірген. Ал кәсіпкерлердің Палатаға шағымданғанын білген кезде, бизнес субъектілерін шақыртып алып сөккен, одан кейін тас төсеуіштерді әрі қарай қопаруды жалғастырған.

Мемлекеттік органдар тарапынан болған заңсыз әрекеттерге орталық базар маңында орналасқан 28 сауда павильоны да тап болды. Билік олардан да құтылуды жоспарлап отыр. Және де кәсіпкерлерге хабарлама беруді көздеген шенеуніктер хабарлама ұсыну тәртібін бұзып, заңды белінен басқан.

Бұл туралы толығырақ ақпаратты «Жер мәселесі: тартып алуға болмайды, жер жалға алушыларда қалсын» деген мариалдан ала аласыздар http://atameken.kz/ru/news/29654-zemel-nyj-vopros-iz-yat-nel-zya-ostavit-arendatoram.

Алайда жақында олар тағы бір қадам жасады – енді олар өз мақсаттарын іске асыру үшін құқық қорғау өкілдерін пайдалана бастады. Кәсіпкерлерді бекініс пунктінде бірнеше сағат бойы ұстап, оларға жер телімінің алынатыны жөніндегі хабарламаны күштеп беруге тырысқан. Бұл бизнеске қысым көрсету болып табылады. Мемлекеттік органдардың заңға қайшы әрекеттеріне, соның ішінде Петропавл қаласының Ішкі істер басқармасының әрекеттеріне де шағымданып, бизнес субъектілері СҚО Кәсіпкерлер палатасына жүгінген.

«Біз өз кезегімізде бұл мәселеге қатысты қалалық прокуратураға жүгіндік, олардан бұл әрекеттерге заңды бағасын беріп, тиісті шаралар қабылдауын сұрадық. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бизнес субъектілері арасындағы шиеленіскен жағдайды түбегейлі шешу мақсатында 15 тамызда біз қалалық прокуратура, ТКШ бөлімдері, жер қатынастары бөлімдері өкілдерінің және кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел  өткіздік. Алайда мемлекеттік органдар отырысқа қатардағы қызметкерлерді жіберді, олар басшылық қызмет атқармайтындықтан, бұл мәселені шешуге құзіретті емес және қойылған сұрақтарға нақты, әрі ақылға қонымды жауап бере алмады. Қаланың Ішкі істер басқармасына келер босақ, олар отырысқа мүлде келген жоқ. Осыған байланысты Кәсіпкерлер палатасы келесі отырысты прокуратура алаңында бизнес субъектілері жасаған әрекеттеріне шағымданып отырған мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен өткізу ұсынылды. Бүгін ғана біз прокуратурадан біздің және кәсіпкерлердің жергілікті атқарушы органдардың және полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымымыз қаралғандығы жөнінде жауап алдық.

Прокуратура жүргізген тексеріс барысында әкімдік қызметкерлері мен полиция қызметкерлері кәсіпкерлерге хабарламаны беру барысында заңсыз әрекеттерге барғандығы, яғни лауазымдарын асыра пайдаланғандықтары анықталған және олардың әрекеттерінен қылмыстық заңнаманың белгілері байқалған. Тексеру материалдарын прокуратура облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне әрі қарайғы процессуалдық шешім шығару үшін жіберді. Кінәлілер жазаланады деп үміттенеміз», - деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта Интернациональный (базар) көшесіндегі жерді алып қою туралы әкімдіктің қаулысына қатысты түскен шағым бойынша сот процесі жүріп жатыр.

Бүгінгі таңда бизнес мемлекеттің серіктесі болуға дайын екендігін білу маңызды, ол қаланың проблемаларын талқылауға және шешуге дайын, бірақ билік біржақты шешім қабылдап қойғаннан кейін емес, шешімді қабылдау кезінде...


Ұқсас жаңалықтар:

Петропавлда кәсіпкерлер құқығы тапталған
4 Қазан
2018
Солтүстік Қазақстан облысы
Төлем жасалсын немесе тауар қайтарылсын!
4 Қыркүйек
2018
Солтүстік Қазақстан облысы
Жұмысы істелді, ал төлемі жоқ
29 Тамыз
2018
Солтүстік Қазақстан облысы
Жер учаскесі сот арқылы қайтарылды
13 Тамыз
2018
Жетісу облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер