«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандағы алғашқы капсулалы қонақүй Астанада ашылады

2018 жылғы 12 Сәуір
- Астана қаласы
6434 просмотров

«Нұрлы жол, вокзалы кешенінде капсулалы қонақүй ашылмақ. Астанада жаңашыл қонақ үй ашу идеясы кәсіпкер Жібек Әділбақытқызына тиесілі

Жібектің айтуынша отель капсулаларға орналасуды ұсынады, бір капсулаға 1 мейман сияды. Капсулалы қонақүй қонақтарға жайлы болуы үшін ерлер және әйелдер бөлімі болып екі аймақтан тұрады. ABS-пластигінен жасалған модульдер желдеткіш жүйесі, металл есіктен әрі сырғанамайтын сатыдан тұрады. Сондай-ақ орынжай орталық бақылау панелі, сейф, интернет, жазу үстелі, өртке қарсы баллон, гигиена заттары және сумен жабдықталған. Сонымен қатар жуыну бөлмесі қарастырылған.

 «Инновациялық жобамды Астана қаласының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арқылы жүзеге асырдым. «Бизнес-Кеңесші» курсынан өтіп, маған мемлекеттік грант байқауына қатысу идеясы келді. Мен жеңіске жеттім және екі аптадан соң біз қонақүйді ашамыз», – деді Жібек.

Әлемдегі алғашқы капсулалы қонақүй 1979 жылы Жапонияда ашылған. Және бұл жоба бірден табысты болған дейді іскер әйел. Қонақ үй ашылысымен бірден 6 астаналық тұрғын жұмыспен қамтылады.

 «2018 жылы «Нұрлы жол» вокзалында жолаушылар ағыны ұлғаяды деп күтілуде. Бұл жайт вокзалдағы қызмет көрсетуді арттыруды талап етеді.  Менің ойымша капсулалы қонақүйді ашу Астана қаласы вокзалының тартымдылығын арттырады», – дейді кәсіпкер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер