«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астаналық кәсіпкерлер палатасының көмегі тиді

2018 жылғы 14 Наурыз
- Астана қаласы
1874 просмотров

Елордалық кәсіпкер Михаил Алиагаев Астана қаласы кәсіпкерлер палатасына алғысы шексіз

Ол палатаға өткен жылдың қарашасында құқықтық кеңес беру бойынша және сотта кәсіпкер құқықығын қорғауға қатысты өтінішімен келген. Кәсіпкер, Астана қаласы мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасы маманы берген хаттаманың күшін заңды түрде жою үшін Палата мамандарынан сот алдында құқығын қорғауды өтінді.  Михаил Алиагаев, Елордадағы көпқатаббы үйлердің бірінде жеке бизнес ашқан, қазір онда шаштараз жұмыс істеп тұр. Шаштараздың бірінші қабатта орналасуы экологиялық тұрғыдан қауіпті деп есептеген тұрғындар Астана қаласы мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасына шағымданған. Шағым бойынша тексеруге келген мамандар, ғимарат ішінде заңсыз жобалау жұмыстары жүргізілді деп хаттама берген.

«Әрине бірінші қабаттағы үй болғандықтан оның бизнес жасайтын ғимарат етіп өзгерттік, бұл тұрғыда біздің барлық құжатымыз заңды. Сондықтан кәсіпкерлер палатасынан құқықтық косультативті көмек сұрадым, сотқа бердім, сотта міне мемлекеттік қызметішінің әрекеті заңсыз болып шықты, алғысым шексіз»,- дейді ол.

ЖШС «Зимитсрой» басшысы Қуаныш Сағындықұлы  кәсіпкерлер палатасы жасаған көмекке дән риза. Ол 2016 жылы аукцион арқылы жер учаскесін падалану құқығын 21 айға сатып алады.  Мұнда терең өңдеуге бағытталған кәсіпорын ашуды көздейді. Алайда бизнес –жоспар, жобалау құжатын белгіленген мерзімнен ұзақ әзірленеді, әрі қаржы жоқтығы салдарынан құрылысты уақытылы бастай алмайды. Осы мәселені көтеріп, кәсіпкер Астана палатасына келеді. Бұл ретте Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы, шағын және орта бизнес өкілінің құқығын қорғау мақсатында  жұмыс тобы назарына мәселені қойып, сәулет басқармасымен бірлесіп, Астана қаласы әкімінің орынбасарына кәсіпкердің жер пайдалану құқығын тағы бір айға созу туралы өтініш хат жолдайды. Нәтижесінде, кәсіпкер мәселесі оңтайлы шешіледі.

«Жер учаскесін пайдалану құқықығын мен 10,5 млн теңгеге, одан кейін жобалау сметалық құжаттарды әзірлеуге 23 млн теңгеден астам қаржы жұмсадым. Бұл жерде мен терең өңдеуге бағытталған жаңа кәсіпорын ашуды көздеп отырмын. Елбасының өзі, ауылшаруашылығын терең өңдеуге қатысты тапсырма берген. Соны іске асыру мақсатында осы жоспарды қолға алғанмын. Енді кәсіпорын құрылысына кірісіп кеттім».- дейді алғысын жеткізген «Зимитстрой» ЖШС директоры Қуаныш Сағындықұлы.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер