«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес ортада жыл сайын өткізілетін сауалнама басталады

2018 жылғы 28 Ақпан
- Астана қаласы
6644 просмотров

Елімізде 2018 жылдың наурыз айында бизнес құрылым арасында жүргізілетін «АИТВ/ЖИТС бизнеске әсері» атты сауалнама басталады

Бұл туралы Жұқтырылған иммун тапшылығының синдромын алдын алу және күрес орталығында өткен баспасөз-конференциясында бас дәрігер Сәбит Әбдірайымов хабарлады.

Бас дәрігердің айтуынша «АИТВ/ЖИТС бизнеске әсері» көрсеткіші ірі, орта және шағын бизнес басшылары арасында жүргізілетін тәуелсіз сауалнама негізінде бағаланады. Бизнес-басшылардың АИТВ инфекциясының бизнеске қауіптілік әсері жоқтығы туралы объективті бағасы елімізде бәсекелік қабілеттің және инвестициялық тартымдылықтың артуына ықпал етеді.

Биыл наурыз айында елімізде Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайын бизнес-құрылым арасында АИТВ бизнеске әсерін анықтауға арналатын сауалнама басталады. Қатысушылар қатарында – шағын, орта және ірі бизнес өкілдері бар.  Дүниежүзілік экономикалық форум сауалнамасының қорытындысы бойынша халықтың сауаттылық деңгейі мен Қазақстанда АИТВ туралы ақпараттың таралу деңгейі бағаланады.

«Астана қаласы кәсіпкерлер палатасымен АИТВ-ның бизнеске әсерін түсіндіру мәселесі бойынша бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Палата алаңында бизнес-құрылым аясында бірлескен семинарлар мен тренингтер өтті. қазіргі таңда еліміздің бәсекелік қабілеті ұлт саулығымен тікелей байланысты. Сондықтан АИТВ инфекциясының жұғу жолдары туралы білу, ақпаратты игеру, АИТВ-ның бизнесті жүргізуге әсерінің жоқ екенін түсіну, барлық деңгейдегі бизнес-құрылым басшылары арасында АИТВ-мен өмір сұріп жүрген адамдардағы белгіні азайту айрықша маңызды», – деп атап өтті Сәбит Әбдірайымов.

Дүниежүзілік экономикалық форум жыл сайын «АИТВ-инфекциясының таралауы» және «АИТВ инфекциясының бизнеске іскерлік әсер етуі» көрсеткіші бойынша мемлекеттің жаһандық бәсекелік қабілет индексіне баға береді. «Қазақстан–2025» стратегиясына сәйкес, Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатын қойған. Соңғы талдаудың қорытындысы бойынша 2015-2016 жылғы жаһандық бәсекелік қабілет индексінің рейтингінде Қазақстан 42-орында тұр, 2015 жылғы көрсеткіші 8 позицияға жақсартқан.

Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов баспасөз-мәжілісінде жаһандық бәсекелік қабілет индексі көрсеткіштерін жақсарту мақсатында Кәсіпкерлер палатасы мен Жұқтырылған иммун тапшылығының синдромын алдын алу және күрес орталығы мүдделі ведомстволармен, бизнес-құрылыммен бірге жоспар дайындап, жұмыс атқарып отырғанын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер