«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысы кәсіпкерлері «Атамекенім» акциясына қатысуда

2018 жылғы 22 Ақпан
- Ақмола облысы
6284 просмотров

«Атамекенім» жалпыреспубликалық акциясы аясында Ақмола облысы кәсіпкерлері көмекке мұқтаж жерлестеріне көмектесіп, қайырымдыдылқ шарасын ұйымдастырды

 Қиын өмірлік жағдайға түсіп, Атбасар ауданына көмек сұрап келетін адамдар бар. 7 ақпан күні көп балалы аналар Наталья Гудилина мен Мәдина Әділбекова көмек сұрап келді.

 2017 жылы Натальяның отбасы су тасқынынан зардап шекті де үй мен мүліктен айырылып қалды. Күйеуі қиындыққа шыдамай әйелі мен үш баласын тастап кетеді. Наталья ештеңеге қарамастан жұмысқа орналасып, күн көріп отыр, алайда жалғыз анаға көмек керек. Мәдина 38 жасында төрт баланы жалғыс бағып отыр, балалрдың үшеуі мектеп оқушылары.

 Филиал қызметкерлері олардың жағдайын түсініп Әскер әйелдер кеңесіне жүгінеді. Әскер арулар бұл жағдайға бірден жауап берді. Әр әйелге азық-түлікке толы пакеттер ұстатты, өйткені отбасылар бірінші тамаққа зәру еді.

 Атбасар ауданы Әскер әйелдер кеңесі белсенді, табысты бизнесвумендердің басым біріктіріп отыр, олар өз алдына көмек қолын созуға қашан да дайын. Мәселен, 2017 жылы орын алған су тасқыны кезінде ӨКП филиалы мен аудан іскер әйелдері зардап шеккен отбасыларға бірінші болып материалдық көмек жасады.

 Бүгін Бурабай ауданының Іскер әйелдер кеңесі «Атамекенім» акциясы аясында «Қазақ Лапландиясы» территориясында аз қамтылған отбасылардан шыққан ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін мерекелік «Масленица» шарасын ұйымдастырды. Мереке аяқталған соң баршаға үлкен дастархан жайылып, кәдесыйлар берілді. Шараға «Стекло» мейрамханасы мен «Твой день» агенттігі атсалысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер