«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордада жұмысшы мамандығының үздік студенттерін таңдайды

2017 жылғы 15 Наурыз
- Астана қаласы
6540 просмотров

Жұмысшы мамандығын қолдауға арналған WorldSkills Kazakhstan қалалық чемпионаты басталды

Халықаралық WorldSkills Kazakhstan қозғалысының дәстүрлі қалалық кезеңі Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өткізіліп отыр. Елорда кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов іс-шараның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Астанада жұмысшы мамандығының үдемелі рөлін атап өтті. «Жұмыс берушілер білікті маман дайындауға қатысуға қызығушылық танытып отыр. Осыған орай олар дуальды білім беруді дамытуға белсенді қатысып, студенттердің тәжірибеден өтуіне, қызметтік біліктілігін арттыруына өндірістік алаңдарын беріп келеді», ­– деді Ғани Тасмағанбетов.

Биылғы жылдың байқауын «Концерн «Цесна–Астық», «ҚазМегаСтрой», ҚР Жеңіл өнеркәсібі өнімдерін өндірушілердің одағы қолдады.

«Бүгінде әлемде маман үшін талас болып жатыр. Халықаралық үздік компаниялар мен жоғары оқу орындары жұмыс пен оқу үшін дарынды студенттерді байқау барысында таңдап алады. WorldSkills Kazakhstan – әлемнің 75 еліне таралған халықаралық қозғалыс. Бұл өзін танытуға, кәсіби біліктілігі мен игерген машығын көрсетуге тамаша мүмкіндік», – деді Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының басшысы.

Еске салсақ, WorldSkills Kazakhstan чемпионаты колледж студенттері мен Астана кәсіпорындарындағы 18-22 жас аралығындағы мамандар арасында өткізіледі. Астана қаласы Білім басқармасы ұйымдастырды. Биығы жылы «Желілік және жүйелік әкімшілік», «Веб-дизайн», «Шаштараз өнері», «Киім дизайны және модельдеу», «Мейрамхана сервисі» және т.б. 19 мамандық бойынша өткізіліп отыр.

Қалалық чемпионатқа Астананың 17 колледжінен 61 студент қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер