«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қауымдастықтар – Палата құрамында

2016 жылғы 03 Қазан
- Астана қаласы
9995 просмотров

Бизнес саласындағы үш астаналық қауымдастық Кәсіпкерлер палатасында аккредитациядан өтті

«Біз астаналық қауымдастықтар арасында аккредиттеу жұмыстарын әрбір екі жыл сайын жүргіземіз. Бұл жолы барлық рәсімдерден кейін аккредиттеуден «Астана қаласы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау қауымдастығы» ЗТБ (заңды тұлғалар бірлестігі), «Сарыарқа» Астана қаласы кәсіпкерлерінің бірлестігі» ЗТБ және «Астана қаласы көлік қауымдастығы» ЗТБ өтті», – деді Астана қаласы Кәсіпкелер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Бауыржан Бейсенов.

Қалалық палатада аккредиттеу осы қауымдастықтарға (одаққа) өңірлік кеңеске өз кандидаттарын ӨКП заңнамасы мен жарлығында белгіленген ретпен ұсынуға құқық береді.

Кәсіпкерлер палатасы жарлықпен белгіленген өз біліктілігінің аясында, ҚР заңнамалық актілерінде қарастырылған қызметтерді жүзеге асыру үшін, келісімшарт негізінде аккридеттелген қауымдастықтарды (одақтарды) өзіне тартуға құқылы.

«Кәсіпкерлер палатасындағы аккридеттеу аталған қауымдастықтардың «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының кәсіпкерлік саласында белгілеген Заңдар мен біліктілік талаптарына сай келетінін білдіреді», – деп атап өтті Бауыржан Бейсенов.

Естеріңізге сала кетсек, Астана қаласы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі қауымдастық өз қызметін 1999 жылдың қазанында бастады. Оның құрамына экономиканың әртүрлі саласында жұмыс істейтін 83 компания кіреді.

«Сарыарқа» Астана қаласы кәсіпкерлерінің қауымдастығы 2009 жылдың маусымында құрылып, 143 астаналық компанияны біріктіреді.

Астана қаласы көлік қауымдастығы 2012 жылдың мамырынан өз жұмысын бастап, әзірге көлік қызметін ұсынатын 6 компанияны біріктіріп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер