«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қайсысы қолайлы?

2016 жылғы 02 Қыркүйек
- Астана қаласы
8028 просмотров

Астаналық кәсіпкерлер палатасында өткен ритейлерлердің кездесуінде көтерме-бөлшек сауданы дамыту мәселелері талқыланды

Астананың «Анвар», «Рамстор», «Metro», «Gallmart», «Мечта маркет», «Small» cияқты ірі гипермаркеттері және де «Бөлшек сауда компанияларының қауымдастығы» ЗТБ өкілдері түрлі сипаттағы, оның ішінде үйдегі дүкендерді дамытудың мүмкіндіктері жөнінде өз пікірлерін білдірді. Талқылау  барысында олардың көпшілігі астаналық мәртебесіне қарамастан, қалада үй жанындағы ұсақ дүкендер бұрынғыша көп сұранысқа ие екендігіне келісті. Келешекте де дәл солар сатып алушылардың негізгі көлемін иеленбек. «Бұл Астанадағы өмірдің қарбаластығына байланысты болып отыр. Біз бәріміз жұмысбастымыз, көбіміздің азық-түлік алуға дүкенге әдейілеп баруға уақытымыз жоқ, оның үстіне, олар қала орталығынан қашықта орналасса, тіпті, қиын», – деді «Анвар» дүкенінің өкілі Зүбайда Балтаева.

Сонымен бірге, «Metro» ауда орталығының директоры Юлия Бакурова олардың дүкені Астана қаласының шет жағында орналасқанына қарамастан,  сауда көлемі жылдан-жылға ұлғайып отырғанын атап айтты. Супермаркет өкілі өз сатып алушыларының екі негізгі санатын бөліп көрсетті – бұл күнделікті уақытын еркін өткізетін адамдар, айталық, үй шаруасындағы әйелдер, сондай-ақ корпоративтік клиенттер.

Сонымен қатар, ритейлерлер супермаркеттерді дамыту үшін азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының сауда сөрелеріндегі үлесі 50/50 болуы тиіс екенін атап көрсетті. Бүгінгі күні гипермаркеттердегі тауарлардың көпшілігі – азық-түлік өнімдері.

Кездесуге қатысушылардың пікірінше, үй жанындағы дүкендерді дамытуға жаңа үйлер мен бизнес-орталықтардың салынуы да ықпал етеді. Себебі, жаңа құрылыстардың көпшілігінде бірінші қабат коммерциялық алаңдарға арналған, бірақ олар 100-200 шаршы метрден аспайды. Ал бұл В және С сыныпты үйдегі дүкендерге жатады. Бұл ретте, Астананың жаңа аудандарында заманауи сипаттағы дүкендерге сұраныс өткір болып отыр.

Сайып келгенде, ритейл нарығын ынталандыру үшін оған жаңа қатысушыларды тарту қажет, бұл сервис сапасын жақсартуға ықпал ететін болады.

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы және Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Инвестиция және даму жөніндегі басқарма басшылары кездесуде көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынына сендірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер