«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкердің жайын кәсіпкер түсінеді

2016 жылғы 18 Тамыз
- Астана қаласы
7622 просмотров

Елордалық кәсіпкерлерге шағын фирманы басқарудың жетілдірілген ақпараттық бағдарламасы таныстырылды

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасында әзірлеменің функционалдық мүмкіндіктерін байланыс қызметін көрсетуші оператор мен бағдарлама жеткізуші қызметкерлер арнайы шеберлік сағаты барысында таныстырды.

«Бұл бағдарлама шағын бизнесте есеп-қисапты, бақылау, талдау және жоспарлауды автоматтандыруға арналған дайын шешім. Оны көтерме саудада, бөлшек саудада, интернет-дүкендерде, қызмет көрсету барысында, мердігерлік жұмыстар мен өндірісте қолдануға болады», – деді дәріс беруші Азат Сандалов.

Шеберлік сағаты барысында ол қатысушыларды жүйенің пайдалы мүмкіндіктерімен, артықшылықтарымен таныстырып, оны енгізудің жолдарын көрсетті. Сарапшы жаңа бағдарлама оның иелеріне бизнесті тиімді жүргізу үшін ыңғайлы жұмыс режімін таңдауға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

«Бағдарлама қызметті қаржылық жоспарлауға, сауда-саттықты жоспарлауға, кәсіпорын қорларын жүктеуге мол мүмкіндіктер береді. Соның арқасында сіз жұмысты орындау кестесін жүргізуді, қорларды жүктеуді, тауарларды тиеу мен жеткізуді, қызметкерлердің тапсырмаларын бақылауда ұстай аласыз. Осы арқылы қызметті жылдам бақылау қамтамасыз етіледі. Одан бөлек, күнделікті операцияларды автоматтандырудың арқасында басшылар мен қызметкерлердің жұмыстары жемісті бола түседі. Заманауи эргономикалық интерфейс жаңа бастап жатқандар үшін жеңіл қабылдауды, ал тәжірибелі пайдаланушылар үшін жұмыстың жоғарғы жылдамдығын қамтамасыз етеді. Бағдарламаны пайдалану үшін көп білім керек емес, бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізуді білуді қажет етпейді. Жер шарының кез-келген нүктесі арқылы ақпаратқа қолжетімділік интернет арқылы іске асады», – деп сендірді Азат Сандалов.

Шеберлік сағаты барысында шараға қатысушылар бағдарламаны сынап көру мүмкіндігіне ие болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер