«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қолдау мен көмек – партиядан

2016 жылғы 04 Тамыз
- Астана қаласы
10117 просмотров

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен «Нұр Отан» партиясының Астанадағы филиалы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумда кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі өзара ықпалдастықтың негізгі тетіктері көрініс тапқан

Партияның астаналық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еділ Мамытбековтың айтуынша, меморандум өңірлік Палата мен «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы арасындағы ынтымақтастықтың бастауы болмақ, себебі Астанаға, әсіресе, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу қарсаңында жүктелген міндет көп. «Біз бірлесе күш салу арқылы бизнес-климатты жақсартып, астананың іскерлік имиджін нығайта түсуіміз қажет», - деді ол.

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының басшысы Ғани Тасмағанбетов, өз кезегінде, «Нұр Отанның» елде мықты әкімшілік ресурсқа  ие екенін атап өте келе, оның қолдауы өңірлік Палата қызметі үшін де, жалпы елордалық бизнес-қоғамдастық үшін де айтарлықтай демеу болатынын жеткізді.

Ғ.Тасмағанбетовтың айтуынша, бүгінгі күні Палата 100-ден аса әкімшілік кедергіні анықтап, әкімдікпен бірге Астанадағы кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды жасау жөнінде бірқатар реформалар жүргізген. Мысалы, көше саудасы, жер телімдерін ұсыну және т.б. жүйелерге өзгертулер енген.

Сонымен бірге, елордалық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында Палата бизнес-мектеп аясында 1,6 мыңға тарта адамды оқытқан. Сондай-ақ, ШОБ өкілдеріне бизнесті жүргізудің негізгі бағыттары бойынша тегін кеңестер беріліп, қызметтер көрсетілуде. Ол бағыттарға салықтар мен бухгалтерлік есеп, маркетинг, ақпараттық технологиялар, сапа менеджменті жүйесі, кедендік рәсімдер мен сатып алулар кіреді. Осылайша, 2015 жыл басынан бері қаладағы 4,6 мың ШОБ-қа 6,8 мың қызмет көрсетілген. 

Кәсіпкерлер палатасы 3 жылдық қызметі барысында бизнестің 700-ден астам мәселесін қарап, 3 миллиардтан астам сомаға кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын  қорғап қалған.

Осыған байланысты, елордалық Кәсіпкерлер палатасы бизнесті қорғау, әкімшілік кедергілерді азайту, сонымен бірге қаланың бизнес-қоғамдастығы үшін оқыту және ақпараттық-түсіндіру іс-шаралар жүргізу мәселелері бойынша «Нұр Отан» партиясының Астанадағы филиалымен өзара әрекеттестікті күшейтуді ұсынды.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер