«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандық өндірушілерді қолдау қажет

2016 жылғы 07 Маусым
- Астана қаласы
9088 просмотров

Кәсіпкерлер палатасында квазимемлекеттік сектордағы мемлекеттік сатып алу саласының жергілікті құрамына мониторинг жүргізу жөніндегі салалық комиссиялардың кезекті жиыны өтті

Жиналысқа комиссия мүшелері, отандық компаниялар мен салалық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Елордалық палата директоры Ғани Тасмағанбетовтің төрағалық етуімен қатысушылар мемлекеттік сатып алудағы отандық тауар өндірушілерді қолдау саласындағы квазимемлекеттік сектордың саясатын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды.

«2016 жылы Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы елордалық әкімдіктің жанынан жергілікті құрамға мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияны ұйымдастырды. Отандық тауар өндірушілерді қолдау жұмыстарының жалғасы ретінде салалар бойынша соған ұқсас сегіз комиссия құрылды. Олардың басты мақсаты – мемлекеттік сатып алудағы жергілікті құрам мәселелері бойынша отандық тауар өндірушілер мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету. Сіз бен біздің міндетіміз – сатып алудағы жергілікті құрамның үлесін арттыру бойынша нақты ұсыныстар мен кеңестер дайындау, отандық тауар өндірушілер мен мемлекеттік сатып алу операторлары арасында ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау, сол арқылы қазақстандық тауар өндірушілердің қуаттылығын қамтамасыз ету», - деп атап өтті Ғани Тасмағанбетов.

Квазимемлекеттік сектордың өкілдері дәл қазіргі уақыттағы жергілікті құрамның үлесі туралы айтып, өткізілген мемлекеттік сатып алулар мен 2016 жылғы жоспарлары туралы ақпарттармен бөлісті. Сондай-ақ олар отандық тауар өндірушілердің өткізілетін сатып алуларға мейлінше көбірек қатысуын қамтамасыз етуге дайын екендіктерін айтты.

Ал қазақстандық компаниялар шығарылатын тауарлардың түрлері мен көлемі, өндірістік қуаттылық пен әлеуеті жайлы әңгімелеп берді.

Сұхбат барысында тараптар отандық тауар өндірушілерді қолдауға қатысты шаралар мен қазақстандық компаниялардағы жергілікті құрамды қамтамасыз ету туралы пікір алмасты.

«Қазіргі таңда кәсіпкерлікті қолдауды қамтамасыз ету мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 8 еншілес ұйымымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды», – деп түйіндеді Ғани Тасмағанбетов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер