«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесте өскіңіз келсе…

2016 жылғы 26 Мамыр
- Астана қаласы
10822 просмотров

Астаналық Кәсіпкерлер палатасында «Бизнес-Өсім» жобасы бойынша осы жылғы бірінші оқу курсы аяқталды

Курсты табысты аяқтағаны туралы сертификатты 19 адам алды. Тыңдаушылардың барлығы – түрлі салада жұмыс істейтін бизнесмендер. «Бизнес-Өсім» курсы да дәл соларға арналған, соның аясында сабақтар кәсіпкерлік қызметті жүргізудің және дамытудың функционалдық бағыттары бойынша өтеді.

«Бизнес-мектеп» жобасы аясында оқу экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілеріне мүлдем тегін ұсынылады.

«Аудитория өте ризашылықпен қабылдады, олар үлкен жігермен нәтижеге ұмтылды. Менің өзім де, бизнес-тренер бола отырып, көптеген жаңа қызықты идеялар естідім. Мысалы, биопакеттер өндірісі, процестерді автоматтандыру, кесте тігу шеберханаларын жолға қою және печеньелер пісіру туралы. Соңғысының, айтпақшы, тура тренинг үстінде дәмін көрдік. Мен осы шағын компанияның клиенті болып үлгердім. Тыңдаушылар бүкіл жобаларды өмірде іске асыра алады деп сенемін», – деді жобаның бизнес-тренері Светлана Каплина.

Светлана тек бизнес-тренер ғана емес, сонымен бірге табысты кәсіпкер. Бұл да маңызды жайт, өйткені ол «Бизнес-Өсімнің» тыңдаушыларымен бөлісетін білімдер жай теория емес, оның өз ісін жолға қою кезінде алған тәжірибесінен құралады.

«Мен түрлі семинарларға, тренингтерге жиі қатысамын және де «Бизнес-Өсімде» ақпаратты беру тәсілі өте жақсы, сауатты жүргізіледі. «Бизнес-мектеп» – бұл кәсіпкер ретінде өз білімдеріңді толықтырудың және жаңартудың, біліктілігіңді көтерудің тамаша мүмкіндігі», – деген пікірімен бөлісті тыңдаушылардың бірі Қарлығаш Балғымбекова.

«Автоматтандыру институты» ЖШС-нің атынан келген Николай Твердохлебов та курстың жоғары ақпараттылығын атап көрсетті.

«Біз серіктесімізбен бірге алдымен «Бизнес-кеңесші» курсын тыңдадық және содан кейін «Бизнес-Өсімге» келдік. Бұл басқа кәсіпкерлермен танысу, іскерлік байланыстарды жолға қою жағынан өте пайдалы. Келіссөздер жүргізу техникасы, сатуларды жақсарту, маркетинг жайында қызықты ақпарат алдық. Ең маңыздысы – оқу процесінде құнды пікірлер алмастық, ол бізді құрғақ, шаблонмен жұмыс істемей, эмоциямен және ашық әрекет етуге шабыттандырды», – дейді Николай Твердохлебов.

«Бизнес-мектеп» жобасы кәсіпкерлерге арналған бірнеше курстан тұратынын еске саламыз. Біріншісі – бұл «Бизнес-Кеңесші», онда тыңдаушылар бизнесті жүргізудің негіздерін үйренеді. Осы бағдарлама бойынша оқығандар өз білімдерін келесі – «Бизнес-Өсім» курсында көтере алады. Үшінші саты – тәлімгерлік қағидаларын қолданатын жобалық оқыту. Бастапқы екі сатыда оқығандардан бағыттар мен жобалар бойынша топтар іріктеліп, құралады. Жаңадан бастаған кәсіпкерге бірнеше шағын жоба таңдап алуға ұсынылады, оларды аталған өңірде іске асыруға болады. Сондай-ақ, жобалар «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» бизнес-анықтамалығынан да алынады.

Осы жылы астаналық Кәсіпкерлер палатасының алаңында «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша 800 адам  және «Бизнес-Өсім» бойынша 40 адамды оқыту жоспарланып отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер